Түркістанда «Өнерлі өлке» фестивалі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Өнерлі өлке» фестивалі өтті

‘-Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл фестиваль «Түркістан – түркі әлемінің туризм астанасы» жылы аясында ұйымдастырылып, қаламыздың мәдени-рухани мәртебесін арттыруға бағытталды.

Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық мәдениетті насихаттау, өңірлер арасындағы достықты нығайту және дарынды өнерпаздарға қолдау көрсету болды. Іс-шара барысында қала мен аудандардан келген шығармашылық ұжымдар қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін әндер, билер, театрландырылған қойылымдар және заманауи өнердің үздік үлгілерін сахнада ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Сарыағаш ауданының өнерпаздары иеленіп, «Өнерлі өлке» статуэткасы табысталды.
1-орын – Сауран мен Созақ ауданы
2-орын – Ордабасы, Қазығұрт және Жетісай аудандары
3-орын – Түлкібас, Отырар аудандары және Түркістан қаласы

Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Фестивальде ерекше белсенділік танытқан ұжымдарға арнайы жүлделер берілді. Облыс әкімінің «Туған жер – алтын бесігім» жүлдесі Кентау қаласына бұйырды, ал «Ауылым – алтын тұғырым» жүлдесі Арыс қаласының ұжымына табысталды. Сонымен қатар, «Мәдениетті мерейім» жүлдесі Келес ауданына берілді.

Түркістан қаласының өнерпаздары да сахна төрінде ерекше өнер көрсетіп, өз шеберліктерімен фестивальдің көркін ашты. Қала әкімдігі бұл фестивальдің өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуде және рухани дамуды ілгерілетуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Түркістан – тарихы терең, мәдениеті бай, өнері өркендеген қала. Осындай фестивальдер өңіріміздің мәдени дамуына серпін беріп, жастарға шабыт сыйлауды жалғастыра береді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...