Түркістан облысы — Страница 46 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан: Дәрігерлер еттартқышқа қолын салған баланың өмірін сақтап қалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі жағдайға тап болып, шұғыл шешім қабылдады. Төлеби ауданынан ауыр жарақатпен жеткізілген бір жарым жастағы бүлдіршінге шұғыл операция жасалып, оның өмірі сақталып қалды. Баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған. Жарақат салдарынан ол ауыр жағдайда, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жоғары білікті дәрігер-хирургтардың араласуымен алғашқы хирургиялық өңдеу мен шұғыл ота жасалды. Аурухана дәрігерлерінің ...

Читать далее »

Түркісан: Жетісайда мақта зауыттарының басшыларымен кездесу өтті

Жетісай ауданында мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өтті. Кездесу барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Диқандардың уәжін жеткізген Серік Үсенұлы зауыт басшыларына бірқатар талаптар қойды. – Маңызды мәселелерді талқылап, ортақ мәмілеге келу үшін арнайы кездесіп отырмыз. Ауылдық округтерде өткен кездесулерде ...

Читать далее »

Нұралхан Көшеров Қытайдың ресми және бизнес делегациясымен кездесті

2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің өңірлерінде инвестициялық жобаларды дамытып, халықаралық әріптестікті нығайту, цифрландыру мен инновациялық өндірістерге қолдау көрсету басты басымдық ретінде белгіленген. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының инвесторлары, сондай-ақ Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин бастаған ресми делегация арасында B2G форматында кездесу өтті. Кездесу ...

Читать далее »

Түркістан облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі кеңес өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері қатысты. Аймақ басшысы Президент Жолдауында қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға ерекше ...

Читать далее »

Ордабасы: Аппараттық жиында негізгі міндеттер белгіленді

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен қызметкерлері, бөлім және сала басшылары, аумақ әкімдері қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды. Аудан әкімі баяндамаларды тыңдай отырып, әрбір мәселе бойынша жеке тоқталып, орындалуы тиіс нақты тапсырмалар берді. Алғашқы кезек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ...

Читать далее »

Депутаттар өңірдегі туристік нысандармен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған уақытша депутаттық комиссия мүшелері, яғни облыстық мәслихат депутаттары Алмас Салимов, Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Ғалымжан Елшібай, Бекарыс Шойбеков Талғат Садуов облыстағы туризм нысандарының жай-күйімен танысты. Алғашқы нысан «Қаратау» қорығындағы «Хантағы» туристік-рекреациялық аймағы. Ерекше табиғатымен эко-туризмді дамытуға қолайлы мекенде «Визит» орталығын салу жоспарлануда. Жоба келер жылы басталады, құны — 150 млн теңгені құрайды. Визит ...

Читать далее »

Түркістанда жыл басынан бері 900-ге жуық пәтер пайдалануға берілген

Түркістан қаласында жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілген. Оның 440-ы — арендалық баспаналар болса, 432-сі — кезекте тұрған отбасыларға табысталған. Бұл жайында Түркістан қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша 23 370 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 ...

Читать далее »

«Дәморда» атауымен Сауранда жаңа өндірістік кластер іске қосылады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей тапсырмасымен, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Осы негізде Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер — «ДәмОрда» құрылысы басталады. Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек. Аталған жоба аясында бүгін инвесторлар мен жеке кәсіпкерлердің ...

Читать далее »

Түркістан: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ауқымды әлеуметтік жоба іске асырылуда. Аталған жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы екі пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «Building Group – 1» ЖШС жүргізуде. Жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң, мемлекет тарапынан қарастырылған ...

Читать далее »

Түркістан: Сауран ауданында заманауи зауыт салынады

Сауран ауданында өңір экономикасына тың серпін беретін жаңа өндіріс ошағының іргетасы қаланды. «Мақтұм Сейіт» ЖШС, Түркияның CORUNEX компаниясы және Сауран ауданы әкімдігі үш жақты меморандумға қол қойып, Үшқайық ауылдық округіндегі арнайы өндірістік аймақтың 3 гектар аумағында жобаны жүзеге асыруды бастайды. Жобаның жалпы құны – 3 миллиард теңге. Бұл қаржыға қасбет бояулары мен гидрооқшаулағыш материалдарын шығаратын заманауи зауыт салынады. Өндірістік қуаты ...

Читать далее »

Түркістан: Н.Көшеров кәсіпкерлікті цифрлық дамытуға үндеді

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқын алуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айының өзінде облыс кәсіпкерлеріне 18 мыңға жуық кеңес беріліп, 1 770 бизнес-жоспар әзірленген. Бұл жұмыстарға «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мұрындық болып отыр. Орталықтың тікелей сүйемелдеуімен жалпы құны 8,8 миллиард теңгені ...

Читать далее »

«Turkistan Water Fest & Sky Lights» өтеді

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді 14 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара – «Turkistan Water Fest & Sky Lights» фестиваліне шақырамыз! Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады: • ойындар алаңы • балаларға арналған арнайы алаң • спорттық жарыстар • әуе шарлары • фонтан шоу • лазерлік ...

Читать далее »

Түркістан облысында ауыз сумен қамту мәселесі қатаң бақылауда

Түркістан облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі – өңір басшылығының күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі. Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қатаң бақылауда. Республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі қалалар ...

Читать далее »

Жолдау жүктеген міндеттер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.    Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су және инфрақұрылым, спорт және тағы басқа салаларды қамтып отыр.    Жолдауда көтерілген бұл мәселелердің барлығы қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың өмір сүруіне ...

Читать далее »

МҚІА Түркістан облысы бойынша департаменті: Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау және Түркістан қаласының тұрғынының арызы негізінде, аталған шағымды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталғандай, қызмет алушымен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық алу үшін ...

Читать далее »

Түркістанда облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Нұрбек Садықов мәлімдеді. «Түркістан облысында 2025 жылдың І жартыжылдығында қоршаған ортаны қорғау саласында 43 нысанға бақылау шаралары жүрді. Анықталған заң бұзушылықтарға әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып, жеке және заңды тұлғалардан жалпы сомасы 506,7 млн теңгеге 358 әкімшілік айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау, зерттеп-қарау, мониторинг жұмыстарын жүргізу ...

Читать далее »

Түркістан облысында инфрақұрылым саласын жаңғыртуға 170 млн теңгеге жуық инвестиция тартылады

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 2025-2029 жылдары аралығында жалпы құны 164 миллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов баяндады. «Жаңғырту жұмыстары төрт жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңалау мақсатында инвесторлар есебінен жылумен жабдықтауға — 20,08 млн теңге, ...

Читать далее »

Президент Жолдауы – еліміздің болашақ жолы

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Бұл маңызды саяси құжатта еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағыты, экономикалық өрлеу мен әлеуметтік әділеттілік, саяси жаңғыру мен өңірлік дамудың негізгі басымдықтары айқындалды. Президент халыққа арналған сөзінде: «Біздің басты мақсатымыз – әділетті қоғам құру, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу және әрбір азаматтың өмір сапасын арттыру» деген тұжырым жасады. Жолдау – жаңа ...

Читать далее »

Болашақты ойлаған жапондар

«Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көкөніс пен бақша дақылдарын жинау бойынша экспедиция маршруты» Алматыдан басталып, бүгін біздің ауданға да жетті. Экспедицияның басты мақсаты – 10 күн ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында көкөніс пен бақша дақылдарының дәстүрлі, жергілікті және бейімделген түрлерінің үлгілерін жинау. Бұл үлгілер генетикалық әртүрлілікті сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және селекция жұмыстарында пайдаланылатын болады. Экспедицияны Қазақ егіншілік және өсімдік ...

Читать далее »

Түркістан: Ордабасыда автоматтандырылған кірпіш зауыты іске қосылды

Түркістан: Ордабасыда автоматтандырылған кірпіш зауыты іске қосылды Түркістан облысы, Ордабасы ауданынадағы Ықыластемір елді мекеніне «Altyn land» ЖШС-ның автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров, зауыт ұжымының жұмысына сәттілік тіледі. – Бүгін біз заманауи және инновациялық кірпіш зауытының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – жай ғана өндіріс нысаны емес, бұл – біздің бірлескен еңбегіміздің, нақты ...

Читать далее »