Түркістан облысы — Страница 39 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Келешек мектебіндегі робототехника үйірмесі халықаралық деңгейде нәтиже көрсетті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін “Келешек мектебінде” робототехника бағыты жүйелі түрде дамып келеді. Үйірме жұмысының нәтижесінде оқушылар халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізді. Білім ұясының жас робототехниктері Қытайдың Макао қаласында өткен First Lego League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанып, ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Аталған чемпионат — робототехника, ғылыми зерттеу және инженерлік инновациялар бағытындағы Азияның ең ірі ...

Читать далее »

Түркістан облысының 18 мыңнан астам оқушысы «IQanat» олимпиадасына қатысады

28 қазанда Түркістан облысында республикалық «IQanat» Олимпиадасының І туры өтеді. Аталған сайысқа өңірдегі ауыл мектептерінің 18 мыңнан астам баласы қатысады. «IQanat» Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде — оқушылар математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға ...

Читать далее »

Түркістандағы келешек мектебі жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен тәмамдаған 19 жасты конкурссыз жұмысқа қабылдады

Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнын үздік бітірген жас мамандарды конкурссыз жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. Бастысы жас мамандар GPA көрсеткіші 3,33 балдан төмен емес және сертификаттаудан сәтті өтуі қажет. Екі қолға бір күрек іздеген университет ...

Читать далее »

«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті

Түркістан, 17 қазан 2025 жыл – Түркістан Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының ашылуына орай «Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» халықаралық форумы өтті. Форумның басты мақсаты – заманауи мүмкіндіктер мен сын-қатерлер тұсында ұлттық құндылықтардың танымдық және тағылымдық негізінде білім мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету, этностық жәдігерлерімізді, ұлт руханиятын және Өзбекәлі Жәнібек секілді тарихи тұлғалардың тағылымын дәріптеу. Жиынға ...

Читать далее »

Түркістан: Қала әкімі Неслихан Өзтүрікті қабылдады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркі әлемінің даңқты перзенті, қазақ таэквондосының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің қызы — Неслихан Өзтүрікті қабылдады. Неслихан Өзтүрік атажұртына арнайы сапарлап келіп, бабаларының ізі қалған қасиетті өңірлерді зиярат етіп жүр. Оның рухани сапары ұлы ойшыл, хакім Абайдың елі – Шығыс Қазақстан өңірінен басталып, түркі жұртының рухани ордасы, киелі Түркістан қаласында түйінделді. Қала басшысы мәртебелі меймандарды ...

Читать далее »

Түркістан: Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеріп, І және ІІ мөлтек аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері мен жертөлелерін аралады. Аралау барысында қала басшысы нысандардың дайындығын көзбен көріп, тұрғындармен тілдесіп, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Биылғы жылы І–ІІ мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлер жылыту маусымына толық ...

Читать далее »

Түркістан облысында жүк көліктеріне арналған 7 дана автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің жүк арту талабын сақтау мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, облыс аймағында 7 дана автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнатылады. Қазіргі таңда 2 станция жұмыс істеп тұрса, жыл соңына дейін қосымша екеуі іске қосылады. Бұл жайында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінгі ...

Читать далее »

Түркістан: жеке қабылдауда мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы 22 адам жазылса, оның 20-сы қатысып, талап-тілектерін жеткізді. Қабылдауға Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Төлеби аудандары мен Шымкент және Түркістан қалаларынан азаматтар арнайы келіп, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар мен өзге де мәселелерді көтерді. Мәселен, бір тұрғын жұмыс істеген ...

Читать далее »

Түркістанда дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі. – Бұл – спорттық сайыс қана емес, достық пен ынтымақтың, бірліктің айғағы. Себебі спорт та, рухани келісім де адамдарды біріктіреді, әділдікке, табандылыққа және жеңіске жетуге тәрбиелейді. Президентіміз ...

Читать далее »

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтеді

Түркістан облысында 2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 1 235,6 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жыл қорытындысымен 951,4 шақырымы пайдалануға беріледі деп көзделуде. Бұл жайында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 225,2 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, ...

Читать далее »

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Биыл Түркістан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 359 дерек анықтады. Оның ішінде 126 қылмыс, 233 теріс қылықты — құқық бұзушылықтар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді. «Облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 69 дерек анықталып, жалпы 62 938 түп есірткі өсімдіктері тәркіленді. Анықталған есірткінің салмағы 833 келіден асқан. ...

Читать далее »

Түркістанда тігілген сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Бірегей экспонат 30-дан астам түркі халықтарының ою-өрнектерімен безендірілген. Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асады, ал жабуы 600 метр. Сонымен қатар, сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды. Тарихи сәтте Түркістанға Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы еліп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми ...

Читать далее »

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ...

Читать далее »

Ел тұрақтылығы – басты құндылық

Ауданда «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында «Елдегі ішкі тұрақтылықты сақтауда құқықтық, саяси және діни сауаттылықтың, зайырлылық принциптердің алатын орны және рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға аудандық ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, дін саласының қызметкерлері, әскери қызмет саласы мамандары, ауыл билері және жастар қатысты. Кездесуде облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық ...

Читать далее »

Түркістан: Түлкібаста RC Cola брендімен «Beibars Bottlers» сусын өндіретін заманауи зауыт іске қосылды

Түркістан облысы тағы бір ірі инвестициялық жобамен толықты. Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында АҚШ-тың әлемге әйгілі RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» компаниясының заманауи сусын өндіру зауыты салтанатты түрде ашылды. Ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіруге маманданған бұл кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жаңа зауыттың ерекшелігі – заманауи неміс және италиялық технологияларға ...

Читать далее »

Депутаттар арасындағы облыс біріншілігі өтті

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты. Облыс әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Бүгін өңірде спортсүйер депутаттардың қатысуымен үлкен жарыс өтіп жатыр. Аудан, қалалардағы мәслихаттардан мықты командалар келіп, ...

Читать далее »

Түркістан музыкалық драма театры ұсынған «Бекзат» премьерасы көрерменді тебірентті

Түркістан музыкалық драма театрында V маусым ашылды. Маусым шымылдығы биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай «Бекзат» драмалық қойылымымен түрілді. Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген. Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған. Қойылымды тамашалауға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Бекзаттың анасы ...

Читать далее »

В Туркестане театру имени Райымбека Сейтметова подарили новый автобус

В этом году исполняется 25 лет со дня основания Туркестанского городского музыкально-драматического театра имени Райымбека Сейтметова. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров принял участие в юбилейном торжестве, поздравил коллектив театра со знаменательной датой и вручил ключи от нового современного 50-местного автобуса. – От всей души поздравляю вас с 25-летием театра имени Райымбека Сейтметова! Вклад Райымбека Ногайбаевича в духовную жизнь Туркестана огромен. ...

Читать далее »

Түркістанда Райымбек Сейтметов театрына жаңа автобус табысталды

Биыл – Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл. Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті шаңырақтың меретойына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады. Сіздерді Райымбек Сейтметов атындағы театрдың 25 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймын! Түркістан руханияты үшін Райымбек Ноғайбайұлының сіңірген еңбегі зор. 1995 жылы ...

Читать далее »

Шардара: Жылдың үздік спортшысына пәтер кілті табысталды

Бүгін Армрестлингтен Әлем кубогының иегері, бірнеше мәрте Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысы Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды. Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев чемпион спортшыға төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстап, оның ел спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті. “Самат Мұқасан – спорттағы табандылық пен мақсаткерліктің, елге деген ...

Читать далее »