Референдум: Түркістанда «Lider premium» зауытының қызметкерлері өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістанда «Lider premium» зауытының қызметкерлері өз таңдауларын жасады

Түркістанда жиһаз өндіретін «LIDER PREMIUM» зауытының қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытып, №115 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Осылайша, 2005 жылдан бері ел нарығында өзіндік орнын қалыптастырған зауыт ұжымы ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын көрсетіп отыр.

«Әрбір мемлекет үшін халықтың пікірін ескеру – тұрақты даму мен әділ қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі. Референдум – осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі. Мұндай маңызды кезеңдерде азаматтар өз таңдауы арқылы елдің болашағына ықпал етеді. Әрбір дауыс – қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастың белгісі. Сондықтан референдумға қатысу арқылы адамдар өз елінің тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді»- деді зауыт қызметкері Серік Жұмахметов.

Айта кетейік, түркістандық жиһаз зауытының бүгінгі таңда еліміз бойынша 60-тан аса дүкендері жұмыс істейді. Мекеме 300-ге жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын Түркия елінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...