Түркістан: Мақтааралда «Мүгедектер мен соқырлар» ұйымының төрағасы Ерғали Базарбаев өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Мақтааралда «Мүгедектер мен соқырлар» ұйымының төрағасы Ерғали Базарбаев өз таңдауын жасады

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде орналасқан №432 референдум учаскесіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар да келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында аудандық «Мүгедектер мен соқырлар» қоғамдық ұйымының төрағасы Ерғали Базарбаевта бар. Олар мұндай маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысу әрбір азаматтың азаматтық парызы екенін атап өтті.

«Мен, «Мүгедектер және зағиптар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерғали Базарбаев, бүгінгі референдумға барып өз таңдауымды жасадым. Бұл құжат өте бағалы әрі маңызды. Ұрпағымыздың болашағы жарқын болуы, еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін әр азаматтың пікірі мен таңдауы аса маңызды деп есептеймін. Сондықтан барша тұрғындарды ел тағдырына немқұрайлы қарамай, осындай маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуға шақырамын. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!» – деді ол.

Жалпы Мақтаарал ауданында 68 595 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 1 423-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Аталған санаттағы тұрғындардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында учаскелерде арнайы талаптар қарастырылған. Атап айтқанда, пандустар орнатылып, ғимараттарға кіріп-шығу оңтайлайдырылған, қажет болған жағдайда комиссия мүшелері тарапынан көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға үйден дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...