Түркістан облысы: Қазығұртта референдум учаскесінде “Шеберлер бұрышы” құрылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы: Қазығұртта референдум учаскесінде “Шеберлер бұрышы” құрылды

Қазығұрт ауданына қарасты Сабыр Рақымов ауылдық округіндегі №274 референдум учаскесінде тұрғындар үшін арнайы «Шеберлер бұрышы» және «Елімізге тілегім» атты тілек тақтасы ұйымдастырылды. Аталған бұрышта ауылдың қолөнерге жақын шебер азаматтарының түрлі бұйымдары қойылып, келушілер ұлттық қолөнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды. Ал «Елімізге тілегім» атты арнайы тақтада тұрғындар еліміздің болашағына қатысты ақ тілектерін жазып қалдырды.

«Бұл бастамалар саяси науқанға келушілерге арналған. Дауыс берушілер референдум учаскесіне келіп, ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысады. Сондай-ақ, тілек тақтасына өзінің тілектерін білдіріп, жазбасын қалдырады. Еліміз үшін аса маңызды оқиға осылай ұлттық құндылықтармен астасып жатуы керек деп ойлаймыз» — дейді аудан тұрғыны Ақтөре Қайрат.

Мұндай игі бастамалар референдум учаскесіне келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, елге деген сүйіспеншілік пен бірлік сезімін арттыра түсті. Сонымен қатар, аталған шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге деген қызығушылығын нығайтуға өз үлесін қосты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...