Түркістан облысы — Страница 38 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр

Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Маңызды жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Сонымен бірге министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін ...

Читать далее »

Түркістан облысында вирусты А гепатитіне шалдыққандар саны 1,7 есе азайған

Облыс бойынша 2025 жылдың 9 айында тұрғындар арасында А вирусты гепатитінің 61 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмен. Науқастардың 49,1%-ы мектеп оқушылары, ал 24,5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Мақұлбекқызы мәлімдеді «Аурудың алғашқы белгілері ЖРВИ немесе тұмауға ұқсас болуы мүмкін, сондықтан көп жағдайда адамдар оны елемей ...

Читать далее »

Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Биыл елімізде алғаш рет ресми түрде 29 қазан – Кәсіпкерлер күні болып бекітілді. Осыған орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ өңірдің іскер қауым өкілдері қатысты. Кездесу барысында өңір басшысы кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті. ...

Читать далее »

Түркістан облысында 1,7 миллион адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асып келеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Бағлан Базарбекұлы мәлімдеді. «2020 жылдан бастап облыста медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2,9 есеге өсіп, 239,8 млрд теңгеге жетті. Қор филиалы 2025 жылдың 9 айында ...

Читать далее »

«Республика жастары: Болашаққа бағдар – Елге қызмет!» атты жастар форумы өтті

Бүгін Департаменттің ұйымдастыруымен «25 қазан — Республика күні» Ұлттық мерекесіне орай «Республика жастары: Болашаққа бағдар – Елге қызмет!» атты жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, отансүйгіштік рухты арттыру және мемлекеттік қызметке қызығушылығын күшейту. Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Алтаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А. Наурызбаев, ...

Читать далее »

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орнына санитарлық бақылау жүргізілген

Облыс аумағында қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану бойынша соңғы 3 жылда 6 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент тарапынан ұдайы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы мәлімдеді. «Биыл Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам ...

Читать далее »

Қызмет алушылардың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге ...

Читать далее »

Телеграмм бот платформасы- ұжымдық арыз негізінде азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруде

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс ...

Читать далее »

Фотовыставка в Туркестане привлекла внимание туристов

По инициативе Департамента полиции Туркестанской области в туристической зоне города Туркестан состоялась фотовыставка, направленная на продвижение принципов «Закон и порядок». На экспозиции представили фотоработы, отражающие аспекты полицейской службы, а также трогательные детские рисунки, выполненные руками детей сотрудников полиции. Перед началом мероприятия личный состав и учащиеся класса «Жас сакшы» выстроились в торжественный строй. В церемонии открытия принял участие начальник Департамента полиции ...

Читать далее »

Туристерді тартқан Түркістандағы фотокөрме

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен туристік аймақта «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында фотокөрме өтті. Экспозицияда полиция қызметінің сан қырын көрсететін фотожұмыстар пен полицейлердің ұл-қыздары өз қолдарымен салған әсерлі балалар шығармашылығы ұсынылды. Сонымен қатар шара барысында полиция қызметіне берілген жаңа қызметтік автокөліктердің таныстырылымы өтті. Яғни кішкентай тұрғындар қызметтік көлікке отырып көріп, ондағы құрылғылармен еркін танысып шықты. Жеке құрам мен «Жас ...

Читать далее »

Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты

Бүгін Түркістан қаласында дәстүрлі Turkistan Marathon – 2025 өтті. Биылғы жарысқа 3 000-нан астам әуесқой және кәсіби спортшы қатысып, қасиетті қаланың көшелерімен жүгіріп өтті. Марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты — 365 шетелдік спортшы әлемнің түрлі елдерінен келіп бақ сынады. Шараның ашылу салтанатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, марафонның бұқаралық спортты дамытудағы маңызын атап өтті. – ...

Читать далее »

Бірлік пен іс әрекет – басты құндылық!

Бүгін “RESPUBLICA” партиясының Түркістан облыстық филиалында облыстық партия филиалының төрағасы Айткулов Бекжан Бақтыбекұлының төрағалығымен Өңірлік кеңес пен ReWomen Іскер әйелдер қауымдастығының бірлескен отырысы өтті. Шараға Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кәсіпкерлер мен белсенді партия мүшелері қатысты. Жиында Республика күні қарсаңында партия мүшелерінің бірлігі мен ел дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Партияның белсенді ...

Читать далее »

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім –Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараға қатысушылар алдымен Алаш қайраткерлерінің отты ойларын тыңдап, өңір өнерпаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Маңызды іс-шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматты марапаттады. ...

Читать далее »

Республика күніне орай Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды

Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ...

Читать далее »

Республика күні қарсаңында Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды

Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ...

Читать далее »

Түркістан облысының ардагерлері Жолдаудағы міндеттерді саралады

Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, ...

Читать далее »

Аймақта айшықты жобалар көп

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аna tili» газетіне берген сұқбатында «2021 жылы түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған көне Түркістан қаласы халықтарымыздың достығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарады. Соңғы 10 жылда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасындағы алыс-беріс айтарлықтай артты. 2024 жылы өзара сауда-саттық көлемі 45 миллиард доллардан асты. Елдеріміз Транскаспий халықаралық көлік дәлізінде маңызды рөл атқарады. Біз энергетика, ...

Читать далее »

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарынан табылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттігін атап өтті. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент. Сондай-ақ Жолдауда экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажеттігі айтылды. Осы ...

Читать далее »

Түркістан: «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Бүгін Түркістан қаласында толық жаңғыртудан өткен «Парасат» саябағы жұртшылыққа есігін ашты. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Алдымен, баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі ең ұлық мереке қарсаңында Түркістанда тағы бір қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды. Осы Заң ...

Читать далее »

Түркістан: Бәйдібекте «Алтын күз – 2025» мерекесі тойланып, ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Алтын күз – береке мен ырыстың бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрлі мереке ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету және күзгі науқанның қорытындысын атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғыс білдірді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан ...

Читать далее »