Түркістан облысы — Страница 36 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Қызмет алушылардың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге ...

Читать далее »

Телеграмм бот платформасы — ұжымдық арыз негізінде азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруде

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс ...

Читать далее »

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

2025 жылғы 28 қараша күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық ...

Читать далее »

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты

Құрметті Жұмыс берушілер! Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыруға міндетті. Сіздерге бұған дейін enbek.kz порталы арқылы жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама жіберілген. Осыған орай, ұйымдарыңызда еңбек қатынасында тұрған ...

Читать далее »

Түркістандағы жас мемлекеттік қызметшілер форумында адалдық пен отаншылдық дәріптелді

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әділетті Қазақстанды құру жолында әрбір азаматтың адал болуы – қоғамның дамуындағы басты шарт екенін атап өткен болатын. Осы орайда, бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» атты жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті. Форумға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиын жас мемлекеттік қызметшілерге арналған өте ...

Читать далее »

«Заң мен Тәртіп»: Түркістанда «Білімді жастар – ел ертеңі» атты облыстық көшбасшылар форумы өтті

Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыстық «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өтті. Достық үйінде өткен шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен шара барысында заң саласы, тәртіп, азаматтық міндет пен мемлекет алдындағы жауапкершілік жөнінде маңызды бағыт-бағдар берілді. Форум ...

Читать далее »

Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы өтті

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Қаржылық қауіпсіздік алауы» атты аймақтық эстафетаның қорытынды шарасы өтті. Эстафетаның негізгі мақсаты – қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыру, заңсыз қаржылық әрекеттерге қарсы орта қалыптастыру. Сондай-ақ, азаматтарды алаяқтық әрекеттерден, фишингтік шабуылдардан және жеке деректердің қауіпсіздігіне қатысты қатерлерден қорғау мәдениетін кеңінен насихаттау көзделген. Эстафета — өңір жастарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың қолдауымен ...

Читать далее »

Түркістанда республикалық «Zandy kúlkі» жайдарман ойыны өтті

Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қатысып, командаларды құттықтап, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдаудың және мәдени бастамаларды дамытуға бағытталған жобалардың маңызын атап өтті. ...

Читать далее »

Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысы бар 4 мыңнан астам контент бұғатталған

Түркістан облысында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 661 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Ералыұлы мәлімдеді. «Түркістан облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жыл басынан бері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар 38 күдікті құрықталды. Олар азаматтарға жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам залал ...

Читать далее »

Елімізде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды

Елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» атты Халықаралық акция басталды. БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция Департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының “Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің” аға инспекторы Әйгерім Жарқынбек брифингте мәлімдеді. «Биыл науқан — «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін ...

Читать далее »

FIN IQ диктантында Түркістан қаласы үздік болды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен республикалық FIN IQ диктантында Түркістан қаласы — І орын иегері атанды. Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігі қаржылық қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсене атсалысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Әкімдік қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамда экономикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында сала манандарының қатысуымен ...

Читать далее »

Түркістан: «Үлгілі ауыл» байқауының комиссия отырысы өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жоба облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. – «Үлгілі ауыл» байқауы – ауылдардың дамуына нақты серпін беретін маңызды жоба. Байқауға қатысу – ауыл әкімдері үшін үлкен мүмкіндік. ...

Читать далее »

Түркістандағы халықаралық инвестициялық форумда облыс экономикасына 432,2 млрд теңге тартатын 7 меморандумға қол қойылды

Түркістанда 300-ге жуық компания басшыларының қатысуымен «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Маңызды шара барысында көрме ұйымдастырылып, келушілер мен инвесторлар назарына өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды. Бұл форумның мақсаты – аймақтың инвестициялық және туристік ...

Читать далее »

Сайрам ауданындағы «Келешек мектебінде» үйірме жұмыстары жанданды

Сайрам ауданының Ақсу ауылында ашылған 600 орындық №55 жалпы білім беретін мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп, бүгінде біліммен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беруде. Жаңа форматтағы мектепте үйірме жұмыстары кең көлемде жандандырылып, балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Мектеп қабырғасында домбыра, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, қолөнер, хореография секілді түрлі бағыттағы үйірмелер ...

Читать далее »

Проблема старой школы в Шардаре была полностью решена благодаря проекту «Школы будущего»

В городе Шардара полностью решён вопрос трёхсменного обучения. Ранее в средней школе №12 наблюдалась переполненность классов и ограниченность здания, что создавало риск перехода на обучение в три смены. В рамках национального проекта «Школы будущего» учебное заведение переехало в новое, современное здание. 17 февраля 2025 года была введена в эксплуатацию новая школа на 1200 мест, куда разместили 1057 учащихся и 107 ...

Читать далее »

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Хабарландыру Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=kk ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады. Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=kk көрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ...

Читать далее »

«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында жасөспірімдер арасында турнир өтті

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» ұранымен 2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық дода «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп, еліміздің бірнеше өңірінен жиналған 250-ге жуық жас балуан өзара бақ сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ...

Читать далее »

Түркістандағы 10 гектар аумақта тұқымбақ іске қосылды

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласының аумағында жаңа тұқымбақтың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде жобаны жандандыру және жасыл желек көлемін арттыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған. «SK GeoKart» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында облыс орталығындағы 10 гектар аумақта арнайы тұқымбақ іске қосылды. Тұқымбақта көшет отырғызу жұмыстарының іске асуын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып, өндірістік және агротехникалық ...

Читать далее »

Түркістан: Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен Шауғар, Яссы және Бірлік секторларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сектор жетекшілері, бөлім басшылары және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты. Кездесу барысында қала басшысының тұрғындармен кездесуі кезінде айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысы жан-жақты қаралды. Сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру, ...

Читать далее »

Дропперлікпен айналысқандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады

ҚР заңнамасына сәйкес, алаяқтық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сондай-ақ дропперлік үшін – 5 жылға дейін, ал оларды ұйымдастырушылар – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Дроппер деп – алаяқтар қылмыстық жолмен басқалардың шотынан ұрлаған ақшаларын шығаруға немесе қолма-қол ақша айналдыру үшін пайдаланатын адамды айтады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел ...

Читать далее »