Түркістан: Келесте шаруа қожалық өкілдері референдумда өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Келесте шаруа қожалық өкілдері референдумда өз таңдауларын жасады

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Келес ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де белсенді қатысуда. Бірлесу ауылдық округіндегі бірқатар шаруа қожалықтарының төрағалары өздері тіркелген референдум учаскелеріне барып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанда өз таңдауларын жасады. Ауыл еңбеккерлері референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтіп, тұрғындарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

«Мен шаруа қожалығының төрағасы ретінде референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Сондықтан елдің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерге бей-жай қарауға болмайды. Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, елдің дамуына үлес қосуы керек деп есептеймін. Референдум – халықтың ойын білдіретін ашық әрі әділ алаң. Біз ауылда еңбек етіп жүрген шаруалар үшін елдегі тұрақтылық пен даму өте маңызды. Болашақ ұрпақ үшін дұрыс шешім қабылдау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан елдегі маңызды саяси науқандарға әрдайым қатысып, өз көзқарасымды білдіріп отырамын. Референдум – халықтың пікірін ескеретін маңызды құрал. Әрбір дауыс – еліміздің ертеңіне қосылған үлес деп білемін»-деді «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы.

Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 131 093 тұрғын бар. Оның ішінде 69 812 азамат дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда тұрғындар референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...