Референдум: Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары дауыс беруге қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары дауыс беруге қатысты

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары дауыс беруге белсенді қатысуда. №139 дауыс беру учаскесіне келген жастар референдумға басқа да өңір тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды. Өз ұлттық киімдерін киіп келген қыз-жігіттер көпшіліктің құрметіне бөленді.

«Референдум – әр азаматтың елдегі маңызды мәселелерге қатысты өз пікірін айтуына берілген мүмкіндік. Біз көбіне үлкен шешімдерді біреулер қабылдайды деп ойлаймыз. Бірақ мұндай кезде әр адамның дауысы маңызды болады. Дауыс беру арқылы біз елдің болашағына бейжай қарамайтынымызды көрсетеміз. Сондықтан мұндай күндері шетте қалмай, өз таңдауымызды білдіру керек деп ойлаймын» — дейді Абдықадыр Акрамов.

Айта кетейік, облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...