Түркістанда сана биігіндегі заңғар тұлға Мұхтар Шахановты еске алу кеші өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда сана биігіндегі заңғар тұлға Мұхтар Шахановты еске алу кеші өтеді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановты еске алуға арналған «Сана биігіндегі заңғар тұлға» атты тағылымды кеш өтеді.

Бұл рухани басқосу барысында заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры, елдік мүдде жолындағы ерен еңбегі мен бай әдеби мұрасы кеңінен насихатталып, жүрекке жеткен жырлары оқылып, ұлт рухын асқақтатқан ойлары дәріптеледі.

Мұхтар Шаханов — 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлт руханиятына арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...