Түркістан: Ордабасы ауданындағы жайылма ауылына табиғи газ берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Ордабасы ауданындағы жайылма ауылына табиғи газ берілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізді. Бүгінде ауылдағы 60 абонент көгілдір отынға қосылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл бастама елді мекендердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін атап өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары қуаныштарын білдіріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының нәтижесінде Ордабасы ауданындағы газдандыру деңгейі артып, қамту көрсеткіші 77,2 пайызға жетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...