Шымкент — Страница 76 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Шымкентте студенттік құрылыс отрядтары қайта жаңғырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанаты өтті. Қос тарап бірлесе отырып, студенттік құрылыс отрядтарын құруды алғашқылардың бірі болып ұйымдастырып, салтанатты шараны өткізу арқылы басқа өңірлердегі жоғары және арнаулы оқу орындарын осындай игі бастаманы қолдауға шақырып отыр. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сәрсен Құранбек ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастары қаржылық қауіпсіздік туралы білім алды

Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қаржылық сауаттылыққа бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 3 күні аясында пресс — тур өтті. Шара барысында студенттерге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов дәріс оқып, қаржылық қауіпсіздік, дроп ұғымы, алаяқтық түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану ...

Читать далее »

Жеңіс жолын жақындатқан қаһарман

Бүгінде Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының от-жалынын кешіп, аман оралған екі майдангері ғана қалды. Сол қос тірі аңыздың бірі – Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген. Ол 1943 жылы, небәрі 18 жасында Отан үшін от кешуге аттанып, майданның ең ауыр, ең қанды белестерінен өтті. Брест қамалынан басталған жауынгерлік жолы Варшава, Данск, ...

Читать далее »

Өмірін оққа айырбастаған

Майдан даласында мәңгілік ерлік ізін қалдырған жан аз емес. Тарих беттерінде аты алтын әріптермен жазылмағанымен, ұрпағы үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен алысқан адамның бірі – Нина Мосунова. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау заманында ер азаматтармен бір сапта жүріп, от кешкен батыр. Ал бейбіт күнде адал еңбекпен елге қызмет еткен абзал жан. Нина Егоровна 1924 жылы 9 наурызда Татарстан Республикасының Урустамак ...

Читать далее »

Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді

Көптен күткен алғашқы қойылым өз көрерменін тапты. Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, жүректерге жол тапты. Қойылым барысында көрермендер отбасылық құндылықтарды қайта саралап, нашақорлық сынды қоғам дертіне бей-жай қарамауға үндейтін сахналық көріністерден әсер алып, терең ойға батты. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қазақы болмысымызды дәріптеген көріністер жастардың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Бұл ...

Читать далее »

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы «Айбын–2025» жиыны – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева, 6506 әскери бөлім командирінің ...

Читать далее »

Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды. Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома — 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен ...

Читать далее »

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында PISA-2025 халықаралық зерттеуі өткізілуде

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде. Бұл зерттеу әлемнің 80-нен астам елінде жүргізілетін оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатындағы маңызды шара болып табылады. Жалпы, 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, оның ішінде: • Мемлекеттік мектептер – 17 • Жекеменшік мектептер – 5 • Колледждер – 5 Қазіргі таңда 10 ...

Читать далее »

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ...

Читать далее »

Зелёная балка: 9 семей отметят новоселье в Шымкенте

В Шымкенте активно реализуются проекты по улучшению качества жизни жителей и преображению внешнего облика мегаполиса. В том числе в городе ведётся поэтапная работа по реализации концепции модернизации района «Зелёная балка». Сегодня аким города Габит Сыздыкбеков вручил ключи от новых квартир еще 9 семьям, проживающим на улице Нұрлыбаева, 6.   Поздравив горожан с важным событием в их жизни, он отметил, что такие ...

Читать далее »

Шымкент: Көксай шағынауданында 9 отбасы жаңа қонысқа көшті

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын тағы 9 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды ...

Читать далее »

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың асыл мұрасы» атты іс-шарасы өтті. Кездесу қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ұлы тұлғасы Абайдың өмірі мен шығармашылық мұралары жан-жақты талқыланып, жастарды оның даналығы мен гуманизмінен үлгі алуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының ...

Читать далее »

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл әрекет етеді. Зейнеткерге МӘМС жүйесі есебінен құны шамамен 6 миллион теңгеге жуық күрделі ота жасалды. Жоғары технологиялы медициналық көмектің арқасында науқас комадан шығып, есін жиған. Қазіргі таңда өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді ақ желенділер. Алдағы уақытта ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа «Фосфоршылар мәдениет сарайы» ғимаратының құрылысы басталды

Шымкентте жаңа «Фосфоршылар мәдениет сарайы» ғимаратының құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар – эколог Әсел Тасмағамбетова және кәсіпкер Кеңес Рақышев маңызды нысанның құрылысы басталған жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Қаланың мәдени өмірінде ерекше орын алатын бұл орталық 1980 жылы пайдалануға берілген. Алайда соңғы жылдары ғимарат қараусыз қалып, 2023 жылы коммуналдық меншікке өтті. Сарапшылар ...

Читать далее »

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жоба аясында бірлескен жұмыс жоспарын бекітіп, меморандумға қол қойды. Аталған орталық пен департамент жұмыс жоспарына сәйкес, пробация есебінде тұрған жастарға ...

Читать далее »

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын 10 кәсіпорын бар. 2024 жылы сүт өндейтін кәсіпорындар 5 499,0 тонна қатты ірімшік және 1 438,2 тонна сары май өндірген. Осы бағыттағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын өнім қуаттылығы да арта түсуде. Шаһарда осы саладағы белгілі мекеменің бірі – ...

Читать далее »

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің жұмыстары: Қала өмірін жақсарту бағытында атқарылған қадамдар

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі 2022 жылдан бастап қазіргі таңға дейін белсенді жұмыс істеп, қаладағы әртүрлі мәселелерді шешуге және азаматтардың өтініштерін тиімді қарауға үлкен үлес қосты. Кеңестің құрылымы мен жұмыс бағыты әртүрлі әлеуметтік мәселелерді қамтып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды қадамдарды жүзеге асырды. Қоғамдық кеңестің алғашқы міндеті — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ...

Читать далее »

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары басталады

Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан, бұл аумақта аурудың таралуына жағдай жасайтын бірнеше факторлар бар. Қалада қазіргі уақытта КҚГҚ ауруына күдікті жағдайлар тіркелмегенімен, өткен 2024 жылы 2 расталған жағдай орын алған болатын. КҚГҚ ауруы иксодты кенелер арқылы жұғады, сондықтан кене шағу жағдайлары медициналық бақылауда болуы керек. Жыл басынан бері кене шағу дерегімен медициналық көмекке 12 адам ...

Читать далее »

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар ...

Читать далее »

Наурыз, Наурыз Алты Алашқа қош келдің!

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарының халқы Наурыз мерекесін қасиетті Ораза айтпен бірге атап өтті. Көктем мен жаңару мейрамы ауыл сыртында, қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылып, ұлттық рухқа толы ерекше шара болды. Мерекеге 6 мыңнан астам адам жиналып, 30-ға жуық киіз үй тігілді. Тұрғындар ғана емес, қала қонақтары, ауылдың үлкендері мен аудан билігі де осы думанды тойға ортақтасып, ...

Читать далее »
Яндекс.Погода