Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтеді

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл – қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, адамдардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлайтын мамандардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Шымкент қаласында 1 913 әлеуметтік сала қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 688 маман мүгедектігі бар балалар мен ересектерге, жалғызілікті қарттарға және өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтарға көмек көрсетсе, 30 қызметкер отбасының беріктігін нығайту бағытында еңбек етуде. Ал 195 әлеуметтік қызметкер халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру бағытында жұмыс атқарып келеді.

Қалада қазіргі таңда 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 санаторлық-курорттық қызмет көрсету орталығы, мүгедектігі бар азаматтарға арналған 1 әлеуметтік қолдау орталығы, 1 отбасын қолдау орталығы, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы мен әр ауданның мансап орталықтары халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын І-ІІ топтағы мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға көмек көрсетіледі. Қызметтер стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайында ұйымдастырылған.

2025 жылдың 1 қазанына дейін қала бойынша 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған. Оның ішінде стационар жағдайында – 752 адам, жартылай стационарда – 793 адам, уақытша болу жағдайында – 402 адам, ал үйде қызмет көрсету бойынша – 1 289 адам көмек алған.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/gSXgfOMsv2U?si=QnX04tpIXegMe40Z

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...