Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара аясында материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған ведомстволық бағдарлама шеңберінде өңірге бұрын-соңды ...
Читать далее »Шымкент
Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар аясында алдымен Сайрам көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысы тексерілді. Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын бұл учаскенің жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Аталған аумақты абаттандыру аясында Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін орнату көзделген. Жоба шеңберінде 310 жарық ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтар жылы: оқушылар өндіріспен танысуда
Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бастамасын жүзеге асыру мақсатында жоғары сынып оқушыларының Шымкенттегі орта және ірі кәсіпорындарға экскурсиясы жалғасуда. Жуырда 3 мектептен жиналған 50-ден астам оқушы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы өндіріс орындарында болды. Қауіпсіздік техникасы түсіндірілген соң оқушылар Bal Carpet кілем фабрикасын аралап, жұмыс барысымен танысты. «Біздің кілемдер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімдігі бірқатар маңызды жобаларды қолға алды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж басшылары басқосқан көшпелі-брифингте айтқан еді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласының арнайы өңірлік жоспары дайындалып, Үкіметтің жеті негізгі бағытына сай шаралар кешені іске асырылатынын мәлімдеді. ...
Читать далее »Жаңа зауытта мыңдаған жұмыс орны ашылады
Шымкентте бұрынғы қорғасын зауытының орнында «Standard Steel KZ» серіктестігі мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңін іске қосты. Ашылу салтанатында сөз алған азаматтар осы саланың білгірлері мұндай зауыттың ТМД-елдерінде баламасы жоғын айтып жатты. Бәрі дұрыс.Алайда, тарихтың сарғайған беттерін парақтап көрейік. Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз бола қалса, «жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалған» деген дерек алдыңыздан шығады. Рас. ХХ ғасырдың ...
Читать далее »Шымкент пен Сиань арасындағы туристік ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде
«Шымкент – Сиань» бағытындағы жаңа халықаралық тікелей әуе рейсінің ашылуына орай Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шаралар барысында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Шара Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтті. Делегация құрамындағы шымкенттік өкілдер Сиань қаласының іскер топтарымен және туристік индустрия субъектілерімен B2B форматындағы мазмұнды ...
Читать далее »Гранттар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары әрі әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде апта ішіндегі әлеуметтік маңызды жаңалықтарға тоқталды. Оның айтуынша, қалалық мәслихаттың шешімімен еңбек ардагерлерінің денсаулығын жақсарту мақсатында шипажайларға тегін жолдамалар беру қарастырылған. Жолдамалар зейнеткерлерге кезек тәртібімен geo-shym.kz сайты арқылы тіркелу негізінде ұсынылады. Бүгінде 26 мыңнан астам зейнеткер тіркеліп үлгерсе, жылдық лимит – 7 500. Осыған ...
Читать далее »Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары
Қаратау ауданы — Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, халық саны тез өсіп жатыр. Себебі, қала халқының тығыз орналасқан аудандарының бірі — осы Қаратау ауданы. Ауданның аумағы — 19 500 гектар, халық саны — 223 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 896, жеке тұрғын үйлер саны – 29 ...
Читать далее »Шымкентте депутаттар этномәдени бірлестіктердің ұсыныстарын тыңдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу — Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді. Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді. Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал ...
Читать далее »«Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған кең көлемді мерекелік кеш өтті
2025 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласындағы «Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай кең көлемді мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау болды. Кеш барысында көрермендерге қазақтың төл мұрасы — күй мен ән өнерінің жауһар үлгілері ұсынылды. Домбыраның қоңыр үнімен әуелеген дәстүрлі күйлер мен аймақтық ән мектебі өкілдерінің орындауындағы әуендер көрерменге ...
Читать далее »“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды. Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы 8000 шаршы метр жаңа сауда үйінің құрылысы жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстары аясында кәсіпкерлер осы заманауи нысанға көшіріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, 500 көлікке арналған автотұрақ пен кіреберіс жолдарды кеңейту көзделген. Бұл — базар маңындағы қозғалысты жеңілдетіп, келушілер үшін ыңғайлы жағдай ...
Читать далее »«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Шымкент қаласына келді
2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың туристік, мәдени және инновациялық әлеуетімен танысты. Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, қаладағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, өңірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. Бұл бастама Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, жаңа ...
Читать далее »«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сауда жасайтынын ашық жеткізді. Айтуынша, тауарларға өзі тапсырыс беріп, сауда орнында басы-қасында жүріп, ісін өзі қадағалайды. Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, ...
Читать далее »Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Шымкент қаласында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар берудің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Қаржылай қолдау алуға ниет білдірген 934 адамның ішінен арнайы комиссияның шешімімен 134 үміткердің жобасы мақұлданып, әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни ...
Читать далее »Шымкентте құтыруға қарсы екпе тегін жасалады
Құтыру – жануардан адамға жұғатын және орталық нерв жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Құтыруға шалдыққан жағдайда аурудың соңы өлімге әкеледі. Аурудың қоздырғышы ит, қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар арқылы таралады. 2025 жылы Шымкентте жануарлардан жарақат алған 1294 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 жағдайға көп. Қалада иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары жалғасуда — биыл 20127 ит пен ...
Читать далее »Мюнхенде шетелдік мамандар Шымкенттің туризм саласы туралы ақпарат алды
27 маусымда Германияның Мюнхен қаласында Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулдығының өкілдері, неміс туроператорлары мен туристік сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қала туралы бейнеролик көрсетіліп, туристерді қабылдауға арналған жағдайлар мен қызметтер жөніндегі материалдар ұсынылды. Бұл кездесу шетелдік туризм мамандарына Шымкентті жаңа бағыт ...
Читать далее »Венгрияда Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды
28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді. Аталған шара Шымкент қаласы мен Еуропа ...
Читать далее »Еңбегімен елге үлгі азамат
Нарманов Мейірбек Арынұлы – темір-бетон цехының басшысы, өндіріс саласында 47 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің шебері. Жоғары кәсіби біліктілігі мен мамандығына деген адалдығының нәтижесінде әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие. Еңбек жолын 1979 жылы «Чимкент резина-асбест комбинатында» (қазіргі «Чимкентшина») каландр цехының мастері қызметінен бастаған. Өзінің табандылығы мен жоғары іскерлік қабілетінің арқасында өндірістің түрлі сатыларында қызмет атқарып, 6-разрядты слесарь, ...
Читать далее »Шымкентте этномедиация апталығы қорытындыланды
Шымкент қалалық Достық үйінің ғимаратында «Этномедиация: Этносаралық келісім мен татулықтың жолы» тақырыбында мастер класс өтті. Медиация апталығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталған апталық қалалық ҚХА жанындағы этномедиация кеңесі мен қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлесіп, ұйытқы болуымен қолға алында. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Қазақстан ...
Читать далее »Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман
Серікова Ләйла Ергешқызы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2004 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Анатомия-физиология пәндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Педагог-зерттеуші» кәсіби санатына ие,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Білімі: — 1997 ж. – Шымкент медицина колледжі, «Мейірбике ісі» мамандығы; — 2003 ж. – Оңтүстік Қазақстан ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
