Шымкент — Страница 80 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Шымкент тұрғындарына ерікті қоныс аудару бағдарламасы түсіндірілді

Шымкент қаласында азаматтарды белгіленген өңірлерге қоныстандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы бұл бағдарлама аясында 1 000 адамды көшіру жоспарланып отыр. Бастама өңіраралық еңбек ұтқырлығын арттыру және ішкі көші-қонды ынталандыру мақсатында жүзеге асуда. Осыған орай, Тұран ауданының Құрсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Р. Даурбаева мен бөлім маманы Г. Байымбетова қатысып, мемлекеттік бағдарламаның шарттары ...

Читать далее »

Ерлікке құрмет – мәңгілік парыз

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – бүгінгі бейбіт өміріміздің басты қаһармандары. Солардың бірі – Нина Егоровна Мосунова. Ол 1943 жылы Можайск маңындағы шайқаста пулеметші болып, жауынгерлік жолын «Зенит» бригадасының радистер бөлімінің командирі ретінде жалғастырды. Оның жанқиярлық ерлігі мен әскери қызметі ел тарихындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде есте сақталады. Осы күндері Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – капитан Сырым Сүндетов ...

Читать далее »

Қаратау ауданы: Тұран-2 шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Көктеммен бірге қала ажары да айшықталады. Сол үшін жұрт жылда көк қылтия бастағаннан тазалық жұмысына білек сыбана кіріскенді дәстүрге айналдырып келеді. Бұл жолы да Шымкент қаласындағы «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһардағы жаппай тазалық жұмысы бүкіл шағын аудандарда басталды. Бүгін коммуналдық мекеме қызметкерлері қала көшелерін қоқыстан тазартып, асфальттың үстіне дейін жуып-шайды. Қаратау ауданы Тұран-2 шағынауданы №11 көше бойы мен №144 орта ...

Читать далее »

Абай ауданы: Асар тұрғындары тазалық акциясына үлес қосты

Шымкенттегі «Асар» елдімекенінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Ауыл билері, көше ақсақалдары, «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің және аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері «Асар» орталық саябағына жиналып, тазалық жұмыстарына үлес қосты. Жергілікті тұрғындарды ретсіз қоқыс тастамауға, табиғатқа қамқорлық көрсетуге шақырды. Асар елдімекені Ардагерлер ұйымының төрағасы Қалдыбек Рсалиев: «Бүгінгі сенбіліктің мақсаты – тұрғындардың экологиялық белсенділігін арттыру, табиғатты қорғауға қатысты жауапкершілігін ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданы: «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тапты

Бүгін Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері бірігіп, шаһар көшелерін, арық-атыздарды тазалады. Әсіресе, Әл-Фараби ауданы бойынша Түркістан көшесінің бойындағы тазалық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілді. Қыстан кейінгі табиғаттың жаңаруы мен қала көшелерінің көркейтілуі тұрғындардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастады. Бұл игі бастамаға қала тұрғындары, жастар және ардагерлер де белсенді түрде қатысты. ...

Читать далее »

Шымкенттің шағынаудандары заманауи инфрақұрылыммен қамтылуда

Шымкент қаласында шағынаудандарды және әлеуметтік нысандарды инженерлік коммуникация желілерімен қамту жұмыстары биыл да жалғасады. 2025 жылы Тұран шағынауданында барлығы 13 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген. Қазіргі уақытта «Энергомера» ЖШС тарапынан 4 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар 2025 жылдың қыркүйегінде орындалады. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы тарапынан биыл Ақжайық, Азат шағынауданын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен ...

Читать далее »

Шымкентте садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке. Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – ...

Читать далее »

Шымкент спортшылары Азия кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Ел қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде бар. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Юрий Юрков (50 м, ...

Читать далее »

Шымкент: Биыл Тұран ауданында 59 көше асфальтталады

Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды. Сонымен қатар, 39 көшеде ұзындығы 21,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 2025 жылы да бұл жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, 59 көше (42,8 шақырым) асфальтталып, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. ...

Читать далее »

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тағзым және тағылым

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтпек. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу және батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес, мерекелік шараларды өткізуге мемлекеттік мекемелермен қатар, жоғары оқу орындары мен ...

Читать далее »

Аудит қорытындысы: Мемлекеттік қаражатты бақылау күшейтілді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 113 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 29-ы жоспарлы, 84-і жоспардан тыс аудиттік тексерулер. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 40,4 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: • 20,8 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар; • 19,6 млрд теңге – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 275,4 млн теңге бюджетке өндірілетін қаражат ретінде белгіленді. Қабылданған ...

Читать далее »

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» қайырымдылық қорының ғимаратын жөндеуге атсалысты. Жаңа мекенжайға қоныс аударған қор ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіндіктен, қалалық ҚХА жанындағы орталық аталған жайтқа бейжай қарамай, алғашқы көмек ретінде ғимараттың 10 терезесін орнатуға нақты көмек көрсетті. Қалалық «Жомарт жан» орталығының төрағасы Юрий Панның ...

Читать далее »

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен. Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған. Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар ...

Читать далее »

Шымкентте әлеуметтік қызметтерді лицензиялау мәселесі талқыланды

Шымкент қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға лицензия беру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің өкілі Амантай Майрамов, Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және ...

Читать далее »

Қала әкімі аппараттық мәжілісте маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте еңбек заңнамасының сақталуы, тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департамент басшысы Ж. Мақұлбаев кәсіпорындардағы жалақы қарызының ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады. Қала әкімі бұл мәселенің алдын алу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтіп, барлық ...

Читать далее »

Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz. Өзбекстан, Украина, Индия, Молдова, Иран, Қырғызстан, Қытай, Грузия мемлекеттерінен келген спортшылырмен күш сынасқан Нұрислам алдына жан салмады. «Университетімізде сапалы білім алумен қатар, спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Отызға жуық түрлі студенттік үйірме мен клубтар жұмыс істейді. Соны ішінде қол ...

Читать далее »

Қаратауда 14 орынға ирригациялық арық салынады

Ағымдағы жылы Қаратау ауданының су басу қаупі анықталған елді мекендерінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ирригациялық арықтар салу жұмыстары бастау алады. Бұл жоба, әсіресе, жаңбырлы кезеңдерде су басу мәселесін шешуге, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Арықтарды салу жұмыстардың негізгі мақсаты — жергілікті тұрғындар мен қала инфрақұрылымын су тасқынынан қорғау. Жобаның аясында ирригациялық арықтар ...

Читать далее »

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Өлең сөздің патшасы…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Бұл рухани іс-шара қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеуге арналған тағылымды кеш болды. Байқаудың басты мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көркемсөздің терең ...

Читать далее »

Роман Скляр ознакомился с инфраструктурными и инвестиционными проектами Шымкента

В рамках рабочей поездки в Шымкент Первый заместитель Премьер‑министра РК Роман Скляр ознакомился с ключевыми инфраструктурными и инвестиционными проектами. Цель поездки — оценка инициатив, направленных на улучшение городской среды, повышение качества жизни населения и укрепление экономического потенциала региона. Одним из объектов стал железнодорожный вокзал Шымкента, реконструированный в 2024 году. Его площадь увеличена вдвое, а пропускная способность возросла до 6 тыс. ...

Читать далее »

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау. Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция ...

Читать далее »
Яндекс.Погода