Шымкент — Страница 75 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Азаматтардың қаржысын қорғау – қаржылық пирамидаларға қарсы нақты қадам

Қаржылық пирамидалардан сақ болыңыз! Соңғы уақытта елімізде қаржылық пирамида белгілері бар алаяқ ұйымдар көбейіп келеді. Олар азаматтарға «жоғары табыс», «жылдам пайда», «достарыңды тартсаң, ақша аласың» деген уәделермен сенімге кіріп, нәтижесінде көптеген адамдардың ақшасынан айырылып, зардап шегуіне себеп болуда. Қаржылық пирамида – бұл нақты өнім не қызмет көрсетпейтін, тек жаңа қатысушылардың ақшасы арқылы бұрын қосылғандарға төлем жүргізетін заңсыз жүйе. Мұндай ұйымдарда ...

Читать далее »

Шымкент әкімінің орынбасары брифинг өткізді

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары және әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті рет БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Ресми өкіл алдымен күні кеше Шымкентке келіп кеткен Мемлекет басшысының сапары туралы айтып, Президенттің кейбір мәселелер бойынша ұсыныстарына тоқталды. Соның бірі жаңа университет ашу бастамасы туралы болды. Яғни, Президент Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысты қолдады. Осыған орай Мемлекет басшысы қала ...

Читать далее »

Шымкент боксшылары Бакудегі халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері қатысып, халықаралық аренада мықтылар анықтады. Аталған сапарға Шымкент қаласынан аттанған төрт боксшы – Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Даурен Мамыр (86 келі), Элина Базарова (54 келі) және Дина Исламбекова (+81 келі) сәтті өнер ...

Читать далее »

Өрт пен газдан уланудың алдын алу шаралары: ТЖД 155 мың тұрғынмен жеке түсіндіру жүргізді

2024-2025 жылғы жылыту маусымы барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өрттің алдын алу, улы газдан улану жағдайларын болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында 52 043 тұрғын үй араланып, 155 мыңнан астам тұрғынға жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Департамент ақпараттық жұмысты да күшейтті. Жылыту маусымының басынан бастап әлеуметтік желілерде 321, ал ...

Читать далее »

Кокшетауские танцоры показали лучшие результаты на республиканском конкурсе

13 апреля в Шымкенте состоялся международный хореографический конкурс «Нұрлы көктем», в котором приняли участие 30 творческих коллективов из разных регионов. Город Кокшетау достойно представил народный ансамбль «Ритм» под руководством опытного хореографа Наталии Горовой. Коллектив выступил с танцевальными номерами в трёх возрастных категориях и добился блестящих результатов. В возрастной группе 16–18 лет участники покорили жюри ярким и эмоциональным исполнением «Русского танца», ...

Читать далее »

В Шымкенте в честь 80-летия Великой Победы стартовал флешмоб «80 слов благодарности»

В Шымкенте в честь 80-летия Великой Победы стартовал флешмоб «80 слов благодарности». В данном флешмобе приняли участие молодежь города, деятели спорта и культуры, представители интеллигенции. Участники флешмоба выражали огромную благодарность и уважение к ветеранам и другим участникам Великой Отечественной войны посредством публикации в социальных сетях специальных постов и статей, видеозаписей и фотографий, посвященных 80-летию Великой Победы. Также они высказали свои ...

Читать далее »

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөз» флешмобы бастау алды

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөз» флешмобы бастау алды. Аталған флешмобқа қала жастары, спорт және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Флешмобқа қатысушылар Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы посттар мен мақалалар, бейне жазбалар мен фотоларды әлеуметтік желілерге жариялау арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына деген зор алғысы мен құрметін көрсетті. Олар ата-бабаларымыздың сұрапыл ...

Читать далее »

Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындары арасында стратегиялық серіктестік орнады

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibition халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды. Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, ...

Читать далее »

Республикалық додадан Шымкент спортшылары үш жүлде жеңіп алды

Елімізде биыл спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтуде. Таяуда Қостанайда екі күнге созылған дзюдодан VI жастар спорт ойындарының жеңімпаздары анықталды. Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан, барлығы 240 спортшы қатысты. Жауапты бәсекеде Шымкент қаласының жас дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс. 1 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, бойжеткендер арасында Гүлсезім Тұрлыбек 70 келіде жеңімпаз ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

Мемлекет басшысы Шымкентке жұмыс сапары барысында №2 Оқушылар сарайын аралап көрді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиялық сыныптар, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген. Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт ...

Читать далее »

Президент «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны ...

Читать далее »

Президентке Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды

Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. – Халқымыз Шымкентті «шырайлы шаһар» деп атайды. Расында бұл жердің ауа райы да, адамдары да өте керемет, ерекше деп айтуға болады. Қала тұрғындары – өте еңбекқор, таза, іскер ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Мұнда сондай-ақ қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан. Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты. Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. ...

Читать далее »

Мирас университетінде бірлік пен келісім туралы кездесу өтті

Шымкент қаласы Мирас университетінде ел бірлігі мен татулығының алтын арқауын дәріптеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті. Жиынға ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі жетекшісінің орынбасары Артур Александрович Дрейлинг, «Возрождение» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Елена Альбертовна Мартынова, «Құрмет» орденінің иегері Шарапат Қожахметқызы Құрманбекова қатысты. Жиын барысында спикерлер Қазақстан ...

Читать далее »

Шымкентте А-2 автожолының бір бөлігінде жол құрылысы басталды

Шымкентте А-2 автомобиль жолы Түркия мен Сырым батыр көшелері аралығында асфальт салу жұмыстары басталды. А-2 автомобиль жолы – Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі стратегиялық жобалардың бірі. Бұл жолдың маңызы өте жоғары, себебі ол арқылы еліміздің Оңтүстік-Шығыс, Батыс өңірлеріне және Түркістан облысына негізгі көлік ағыны мен транзиттік жүк көліктері қатынайды. Барлық жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсарту және көлік қатынасын жеңілдету ...

Читать далее »

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді

ІV шақырылымдағы Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында негізінен 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, төралқа мүшелерін сайлау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі талқыға түсті. Кезекті отырысқа қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жаңадан құрылған болатын. Жаңа кеңестің құрамына 29 азамат кірді. Оның ішінде, 12-і азаматтық қоғам өкілі, ...

Читать далее »

Шымкентте ақсақалдар жастар тәрбиесі мен ұлттық келісім мәселесін талқылады

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова ашып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы жастар тәрбиесінің маңызын атап өтті. Жиынға қалалық Ассамблея жанындағы ақсақалдар, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері мен жастар өкілдері қатысып, қоғамдағы маңызды әлеуметтік, этносаралық ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы «Shymkent City» саябағын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар. Президент саябақ аумағында ағаш отырғызды. Қазіргі кезде Шымкентте адам басына шаққанда 4 шаршы метрге жуық жасыл желектен келеді екен. Экологиялық ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына келді

Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты. Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған. Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға ...

Читать далее »
Яндекс.Погода