Шымкент — Страница 62 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

19 маусым — Шымкентте қала күні

Шымкент — ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан орны, еліміздегі ең ірі әрі серпінді дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Бүгінде бұл шырайлы шаһар тек экономикалық әлеуетімен ғана емес, мәдениетімен, ынтымағы мен еңбекқор халқының жігерімен де ерекшеленіп келеді. Қаламыздың күннен-күнге көркейіп, жаңарып, жасарып келе жатқаны — баршамыздың бірлікпен атқарған еңбегіміздің жемісі. Әрбір тұрғынның қолдауы мен үлесі – Шымкенттің жарқын болашағының кепілі. ...

Читать далее »

Еңбегімен абырой жинаған дәрігер

Тасболатова Айна Кенжебайқызы – адам жанының арашасы болуды мақсат еткен, саналы ғұмырын медицинаға арнаған тәжірибелі акушер-гинеколог. 1997 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін үздік тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №12 қалалық клиникалық аурухананың шұғыл гинекология бөлімінде бастаған. 2003 жылдан бастап Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында табанды еңбек етіп, бүгінгі таңда жоғары біліктілік санатындағы акушер-гинеколог ретінде көптің құрметіне ие. ...

Читать далее »

Шымкент: Абай саябағындағы заңсыз құрылыстар бойынша сот шешімдерінің орындалу барысы

Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Кейін 2025 жылғы ...

Читать далее »

Адал еңбектің иесі

Сейтқазиева Ұлжан Садыққызы – өз өмірін медицина саласына, соның ішінде қан қызметін ұйымдастыруға арнаған білікті маман. Ол өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қалалық қан орталығында жылжымалы бригада құрамында фельдшер-зертханашы ретінде бастап, осы салада қырық жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етіп келеді. Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын Ұлжан Садыққызы – бүгінгі таңда «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша жоғары санатты сертификатқа ие, зертхана ...

Читать далее »

Парад оркестров подарит жителям города культурный отдых

На площади Наурыз в Шымкенте состоялось торжественное открытие Республиканского Парада оркестров. В честь Дня города 15 и 17 июня на площади Наурыз выступят оркестровые коллективы классического, национального и современного жанров из разных регионов нашей страны. В сегодняшней церемонии открытия Парада оркестров приняли участие Казахский оркестр народных инструментов концертной организации «Шымкент концерт» и симфонический оркестр Шымкентского городского театра оперы и балета, ...

Читать далее »

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді. Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысып, қала тұрғындарына керемет мәдени демалыс ...

Читать далее »

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№12 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хирург дәрігері болып жұмысқа орналасқан. Дәрігер жұмысқа өте жоғары жауапкершілікпен қарайды. Жоғары санатты тәжірибелі дәрігер. Үнемі өзінің біліктілігін жетілдіріп отырады. Осы қызмет атқарған жылдары өзінің сауатты және білікті маман екендігін ...

Читать далее »

Денсаулық сақтау ісіне адал қызмет еткен жан

Тохтанова Раушан Сайлауқызы – медицина саласына саналы ғұмырын арнаған тәжірибелі маман. Ол 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, содан бері халық денсаулығы жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Бірнеше емханалар мен ауруханаларда дәрігерлік қызмет атқарған Раушан Сайлауқызы 2013 жылдан бастап Шымкент қаласындағы №10 қалалық аурухананың емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметіне тағайындалып, мекеме жұмысын ...

Читать далее »

Шымкентте қала күніне орай тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарада қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді. Айта кетейік, Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылуда. Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков, «Отбасы банк» АҚ ауылдық аумақтарды дамыту және сату департаментінің директоры Г. Датқаева және жергілікті құрылыс компанияларының өкілдері ...

Читать далее »

Антына адал ақ халатты абзал жан

Өсербаев Наралы Раимбекұлы – Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет етіп жүрген тәжірибелі дәрігер, бірінші санатты нарколог маман. Медицина саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Еңбек жолын Арыс қалалық орталық ауруханасында терапевт болып бастаған Наралы Раимбекұлы уақыт өте келе наркология саласына бет бұрып, бірнеше маманданудан өтіп, психикалық денсаулық саласында мол тәжірибе жинақтады. 2003 жылдан бері бөлімше ...

Читать далее »

Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

Елімізде жыл сайын 14 маусым «Дүниежүзілік донор күні» ретінде аталып өтіледі. Бұл – өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін құтқаруға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіретін ерекше мереке. Қан – өмірлік маңызы бар, ешқандай жасанды баламасы жоқ құнды ресурс. Сол себепті де донор болу – бұл жай ғана қайырымдылық емес, бұл – шынайы ерлік пен адам өмірін сақтауға бағытталған ...

Читать далее »

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз

Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі маманы, педагог-зерттеуші Талиббаева Мавжуда Шадмановна – 34 жылдық еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, ұстаздықтың биік үлгісін көрсетіп келе жатқан білікті ұстаз. Ташкент мемлекеттік университетінің түлегі қазіргі таңда №139 мектепте қызмет атқарады. Ізденімпаздығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында ол оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, сапалы білім беруге ерекше үлес қосып келеді. Мавжуда Шадмановна – республикалық және қалалық ...

Читать далее »

Лучшие товары региона представлены публике

В Шымкенте прошла выставка-конкурс проектов «Қазақстанның үздік тауары – 2025» и «Бір ауыл – бір өнім». В этом важном мероприятии, прошедшем в выставочном центре, приняли участие более 100 компаний и местных товаропроизводителей пищевой, фармацевтической, машиностроительной, химической, легкой промышленности и строительной индустрии. Основная цель выставки-конкурса — пропаганда качества отечественной продукции, формирование культуры качества среди потребителей и поддержка местных производителей. В мероприятии ...

Читать далее »

Өңірдің үздік тауарлары көпшілікке ұсынылды

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2025» және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрме-байқауы өтті. «Көрме» орталығында өткен бұл маңызды іс-шараға азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы салаларындағы 100-ден астам компания мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Көрме-байқаудың негізгі мақсаты – отандық өнімнің сапасын насихаттау, тұтынушылар арасында сапа мәдениетін қалыптастыру және жергілікті өндіріс орындарын қолдау. Іс-шараға Шымкент ...

Читать далее »

Білікті ұстаз – сапалы білім негізі

Қызылорда облысында дүниеге келген, Шымкенттегі Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші, №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде ұзақ жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің білікті маманы ретінде оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық білігін дамытуда аянбай еңбек етіп келеді. Оның жетекшілігімен көптеген шәкірттер «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегері атанып, түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларда ...

Читать далее »

Бірлік пен даму жолындағы 30 жыл

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен даму жолындағы 30 жыл» тақырыбында VI сессиясы өтті. Жиынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ашып, жүргізді. Сессия барысында сөз алған қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік пен татулықты сақтаудағы маңызды рөліне тоқталып, оның үш онжылдықта жеткен жетістіктерін атап ...

Читать далее »

Білім мен тәрбиені ұштастырған педагог-зерттеуші

35 жылдық еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші, №58 жалпы орта мектептің тәжірибелі ұстазы Сүлейменова Нуржамал Советқызы – шығармашылық ізденісімен көзге түсіп, шәкірттерін түрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға баулып жүрген білікті маман. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. «Ұлағатты ұстаз», «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгілері мен ҚР Білім министрлігі, Шымкент қаласы және облыстық білім ...

Читать далее »

Шымкентте 260 азаматқа қайтарымсыз грант беріледі

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Шымкент қаласында биыл 260 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Бұл сома 1 572 800 теңгені құрайды. Өтінім қабылдау 21 мамыр мен 3 маусым аралығында Enbek.Business.kz порталы арқылы республикалық ...

Читать далее »

Қаланың қауіпсіздігі – қоғам назарында

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде 181 қылмыстық іс тіркеліп, олардың 11-і сотқа жолданды. Ең жиі кездесетін қылмыстардың қатарында алаяқтық, ұрлық, есірткінің заңсыз айналымы, тонау және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер тіркеліп отыр. Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет кеңістігінде жасалған. 29 жағдай онлайн-алаяқтық ретінде тіркелсе, оның ішінде әлеуметтік желілер мен сайттардағы жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау, инвестициямен пайда табу уәдесі, ...

Читать далее »

В Шымкенте состоялась встреча волонтёров

В Шымкенте прошёл особый семинар-тренинг для волонтёров. Мероприятие было организовано в рамках проекта «Birgemiz: Sabaqtastyq» Молодёжным ресурсным центром с целью эффективного проведения досуга молодёжи, их адаптации в новом сообществе и знакомства с основными принципами волонтёрства. В ходе семинара-тренинга участники приняли участие в психологических активностях и расслабляющих играх, а также попробовали арт-терапию, которая помогла им выразить свой внутренний мир через творчество. ...

Читать далее »
Яндекс.Погода