Шымкент: Баспана кезегіндегі азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Баспана кезегіндегі азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету жалғасуда

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жаңа пәтерлер 30 отбасыға берілді.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қоныс тойын тойлаған тұрғындарды құттықтаған мегаполис басшысы қала әкімдігі үшін тұрғындардың баспана жағдайын жақсарту стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Бұл баспаналар әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар бар. Пәтерлер Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан және қоныстануға дайын.

Айта кету керек, қалада үй кезегінде тұрған азаматтарды жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүргізілуде. Тұрғын үйлерді бөлу және табыстау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...