Шымкент қаласында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты ауқымды акция өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты ауқымды акция өтті

Еліміздегі үш мегаполистің бірі — Шымкент қаласында жаңа Конституция бойынша өтетін жалпыұлттық референдумға қолдау білдіру мақсатында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты кең ауқымды акция өтті.

Іс-шара «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылып, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжатты қолдауға, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға арналды.

Акцияға шаһардың 1000-ға жуық тұрғыны қатысты. Олардың қатарында белсенді жастар, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сондай-ақ ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар бар. Қатысушылар елді жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.

Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі — Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен қаланың белгілі өнерпаздарының жиналған қауыммен бірге «Ата заң бұл» әнін орындауы болды. Ән шырқалған сәтте залда желбіреген көк тулар мен көпшіліктің көтеріңкі көңіл күйі ел болашағына деген сенім мен патриоттық рухтың айқын көрінісіне айналды.

Шара барысында сөз алған қатысушылар жаңа Конституцияның әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті. «Бұл жай ғана акция емес, бұл – ортақ болашағымыз үшін жасалған маңызды қадам. Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік іргетасы», – деді жиынға қатысушылар.

«Елді жаңғырту жолында біргеміз!» акциясы шымкенттіктердің ел дамуының тарихи кезеңдерінде белсенділік танытып, мемлекет өркендеуі жолында бірлік пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстанатынын айғақтады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...