Шымкент — Страница 59 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Кадровый потенциал

Заместитель акима города Шымкента Сарсен Куранбек на очередной пресс-конференци в Региональной службе коммуникации «КОРМЕ», где рассказал о подготовке квалифицированных кадров технического и прикладного профиля. Как подчеркнул С. Куранбек, в условиях стремительного развития региональной экономики и модернизации производственных мощностей особое значение приобретает подготовка квалифицированных специалистов технического и прикладного профиля, способных обеспечить устойчивый рост ключевых отраслей и удовлетворить растущий спрос со стороны ...

Читать далее »

Новые наставники для рабочих профессий

В рамках Года рабочих профессий, объявленного по инициативе Главы государства, проводится реформирование системы технического и профессионального образования. В этом направлении, при активной позиции Национальной палаты предпринимателей «Атамекен», в Шымкенте ведется тесное взаимодействие с производственными предприятиями и колледжами. В Палате предпринимателей города Шымкента состоялся двухдневный семинар для наставников и мастеров предприятий, преподавателей средних и специальных учебных заведений. В семинаре приняли участие ...

Читать далее »

Жүрек қалауы мен кәсіби шеберліктің үйлесімі

2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – адал еңбекпен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға деген құрмет пен бағалаудың көрінісі. Жұмысшы мамандықтарын таңдаған және өз кәсібін сүйіспеншілікпен атқаратын тұлғалардың бірі – Шукурулла Каримкулович Мадикаримов. Ол тек өз ісінің маманы ғана емес, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Шукурулла Каримкулович 1974 жылы 18 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. ...

Читать далее »

Жұмысшы мамандықтар жылы: шымкенттік 50-ге жуық маман сертификатталған тәлімгер атанды

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жүріп жатыр. Бұл бағыттағы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының белсенді ұстанымы аясында Шымкент қаласында өндірістік кәсіпорындар және колледждермен өзара тығыз жұмыс жүргізілуде. Мұндағы мақсат – дуальды оқыту жүйесін дамыту. Осыған орай Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлер мен кәсіпорын шеберлеріне, орта және арнаулы оқу орнының оқытушыларына арналған ...

Читать далее »

Шымкенттік 50 маман тәлімгер атанды

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жүріп жатыр. Бұл бағыттағы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының белсенді ұстанымы аясында Шымкент қаласында өндірістік кәсіпорындар және колледждермен өзара тығыз жұмыс жүргізіліп отыр. Мұндағы мақсат – дуальды оқыту жүйесін дамыту. Осыған орай Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлер мен кәсіпорын шеберлеріне, орта және арнаулы оқу орнының оқытушыларына ...

Читать далее »

Жәрмеңке – жас түлекке нақты қолдау

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай көптеген жәрмеңкелер, іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде. Таяуда Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде бітіруші түлектерге арналған «Жас маман – 2025» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шарада оқу орнын аяқтаған жас мамандар назарына көптеген жұмыс орындары ұсынылды. Соңғы жылдары Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер бар. Атап айтқанда, еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін ...

Читать далее »

Еңбегі ерен жандар құрметті азамат атанды

Шымкентте «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Салтанатты басқосуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Қала күні мерекесімен құттықтады. –Қадірлі қонақтар баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шымкент ерте заманнан Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет пен сауданың алтын көпірі болған киелі мекен. Қазір де тоғыз ...

Читать далее »

Еңбек даңқы ұлықталды

Шымкент қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай бірнеше ауқымды әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Қоғамның еңбек адамдарына деген құрметін арттырып, жастардың жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылығын оятуға бағытталған іс-шараның маңызы зор. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен «Жұмысшы – мерейлі мамандық» атты тақырыптық сурет көрмесі – осы мақсатты көздеген мазмұнды шараның бірі. Кітапхананың Мерзімді басылымдар бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған көрмеде жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орны ...

Читать далее »

Кәсіби шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік берілді

WorldSkills TISK-2025 – студенттер мен жас мамандардың кәсіби шеберліктерін көрсетуге арналған байқау. Бұл байқау жастарға өз саласында жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға жол ашады. WorldSkills – халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған үлкен алаң.Бұл байқау студенттер үшін тәжірибе жинақтап, өз саласындағы ең үздік маман атануға мүмкіндік береді. Түркістан индустриалды құрылыс колледжі де ...

Читать далее »

Колледждердің материалдық техникалық базасы жаңартылады

Шымкентте білім саласына айрықша көңіл бөлінген. Қалада мемлекеттік қана емес, жекеменшік білім ошақтары да жылдан-жылға көбейіп келеді. Мұны сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ертеңімізге жасалып жатқан ең үлкен инвестиция деуге болады. Олардың әрқайсысы өз жемісін беріп, білім саласына жаңа серпін әкелетініне сенім мол. Шымкент қаласындағы 40 колледжде (12 мемлекеттік, 28 жекеменшік) 49 780 студент білім алуда. Мемлекеттік тапсырыспен білім ...

Читать далее »

Жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Елімізде жұмыссыздыққа қатысты проблеманың өзекті екенін ешкім жоққа шығармайды. Қай өңірде, қай қалада болса да екі қолына бір күрек таба алмай жүрген азаматтарды кездестіреміз. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, осыдан 15-20 жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазір елдегі жұмыссыздықтың сипаты біршама өзгерген. Қазір бір жағынан жұмыссыз азаматтар бар болғанымен, екінші жағынан көптеген жұмыс берушілер өздеріне қажетті, біліктілік талаптарына сай келетін мамандарды таба алмай жатады. ...

Читать далее »

Еңбек түбі – береке

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Еңбек мобильділігі орталығы және AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жұмысшы жас – ел болашағы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қаладағы ЖОО мен колледждердің бітіруші курс студенттері қатысты. Жәрмеңкеге 32 жұмыс беруші қатысып, мемлекеттік мекемелер мен индустриалды аймақтардағы кәсіпорындар тарапынан 455 тұрақты және 2 мыңнан астам уақытша жұмыс орны ұсынылды. Түлектер жұмыс берушілерден ...

Читать далее »

Сот сараптамасы саласын жетілдіру – заңдылықты қамтамасыз етудің негізі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды. Сапар аясында халық қалаулылары Қылмыстық істер жөніндегі сот сараптамасы институтының ұжымымен кездесу өткізіп, мекеме қызметінің барысымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Кездесу барысында сенаторлар институттың материалдық-техникалық жай-күйін көзбен көріп, саланың өзекті мәселелеріне назар аударды. Атап айтқанда, ғимараттың тозуы, заманауи зерттеу жүргізуге қажетті ...

Читать далее »

Шағын бизнестен ірі өндіріске: кәсіп бастау қиын емес

Мемлекет кәсіптің көзін тауып, іс қылғысы келгендерге қолдауды кенже қалдырған емес. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік тарапынан қайтарымсыз грант, субсидия алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімі өзге өңірлерге де жіберіліп, ішкі өнімді қамтамасыз етуге қолғабыс болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қала әкімдігі, Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері Шымкент шаһарындағы шаруалардың айтарына құлақ түріп, қаржылай қолдау алып отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. ...

Читать далее »

Кәсіпкерлер палатасында жұмысшы мамандар дайындау мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қаладағы білім беру саласындағы кәсіпкерлер салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, білім басқармасының басшылары, оқу орындарының жетекшілері және кәсіпкерлер қатысты. Палата директоры Сабира Адамбекованың айтуынша, жиынның мақсаты – Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылында бірлесе жұмыс атқарып, нәтижеге қол жеткізу. «Жыл сайын Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы ...

Читать далее »

Абырой асқарынан көрінген аға

Елдіктің тірегі, қарттықтың қазынасына айналып, ел ықыласына бөленген, өнегелі ғұмыры өзгелерге үлгі-өнеге болған азамат халық жадында мәңгілік сақталары хақ. Жақсы адамның артынан айтылар жылы естелік көп. Олардың жүріп өткен жолы мен адамдық қасиеттерін ұрпақтарға жеткізіп тұрудың тәрбиелік мәні зор. Осындай азаматтар әрбір өңірде бар. Солардың ішінде осы естелікке арқау болып отырған Өмірбек Керімбекұлын өз басым ерекше құрмет тұтып, бақилыққа кетсе ...

Читать далее »

Елімізде жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі басталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. ...

Читать далее »

Бизнестің сенімді серіктесі

Статистика деректері бойынша бүгінгі таңда Шымкент қаласында 130 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның ішінде бір адамнан тұратын жеке кәсіпкерлік субъектілері де, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер де, шаруа қожалықтары мен фермерлер де бар. Осыншама іскер қауымның жоғын түгендеп, мұңын мұңдайтын коммерциялық емес ұйым – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» ...

Читать далее »

Шымкент – отандық фармацевтиканың ірі орталығы

Шымкент қаласының өндірістік алаңыда Polpharma Santo компаниясының жаңа бренді салтанатты түрде таныстырылды. Сонымен қатар, өндірістік үдерістердің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын Еуропалық Одақтың GMP сертификаты жұртшылық назарына ұсынылды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ, Polpharma тобының иесі және бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак қатысты. Жуырда Ежи Старак ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысып, Премьер-министр Олжас Бектеновпен және ...

Читать далее »

Год рабочих специальностей: ученики знакомились с производством

В целях реализации инициативы Главы государства в рамках Года рабочих профессий, организованной Палатой предпринимателей города Шымкент, продолжается экскурсия старшеклассников по средним и крупным предприятиям Шымкента. Около 50 учеников из 3 школ недавно посетили производственные предприятия в специальной экономической зоне «Оңтүстік». После разъяснения техники безопасности ученики посетили ковровую фабрику Bal Carpet и ознакомились с ходом работ. «Наши ковры сотканы в современном ...

Читать далее »
Яндекс.Погода