По поручению акима города, 28 февраля 2025 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист». Акция начнется в 15.00 в здании «Государственная корпорация «Правительство для граждан» Абайского района по городу Шымкент (Мадели Кожа 1Г). Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. ...
Читать далее »Шымкент
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпанда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді. Акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы филиалының Абай ауданы бойынша бөлімінің ғимаратында (Мәделі Қожа 1Г) сағат 15.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың ...
Читать далее »Қазақтың халық биі мен дәстүрлі әні Шымкент сахнасында тоғысты
Шымкентте «Шымкент концерт» концерттік ұйымы филармониясы ұйымдастырған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтіп, қазақтың бай мәдени мұрасын, дәстүрлі өнерінің бес мектебінің шабыты мен рухын сөйлетті. Бұл іс-шарада елдің танымал этно-фольклорлық және халық би ансамбльдері, сондай-ақ дәстүрлі ән орындау шеберлері өнер көрсетіп, тыңдармандарға нағыз ұлттық рух пен сезімді сыйлады. Кеш бағдарламасында «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қаратау» фольклорлық ансамблі және «Қазына» халық би ...
Читать далее »Шымкентте мектепке дейінгі білім беру орындары көбейеді
Биыл қаламызда балабақша кезегінде тұрған 13 886 баланы қамту үшін 3 205 орын, 34 жаңа балабақша ашу жоспарланған. Бүгінге дейін 2024 жылдың желтоқсан айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша 1000 орынға берілген. Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді қолдау аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 5 балабақшада аутизм спектрі бұзылған балаларға арнайы мамандар қызмет көрсетіп, заманауи талапқа сай жабдықталған инклюзивті кабинеттер іске ...
Читать далее »Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті
Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бірлік пен бейбітшілікке толы 30 жыл» атты кітап көрмесі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы атқарылған жұмыстарды таныстырды. Көрмеге Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Абай кітапханасы, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы, сондай-ақ ...
Читать далее »Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды. Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі ...
Читать далее »Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды
Өткен жылы Шымкент қаласында 160 мыңға жуық адам амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің мәліметінше, диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. МӘМС жүйесі ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың ...
Читать далее »Шымкент жолдары: Инфрақұрылымдық серпін және заманауи көлік жүйесі
Шымкент қаласы қарқынды дамып, инфрақұрылымды жаңарту мен көлік қатынасын оңтайландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы автокөлік санының жыл сайын артуына байланысты жол құрылысы, жөндеу және көлік жүйесін жаңғырту басты назарда. Осы мақсатта 2024 жылы 59,5 шақырым жолды қамтитын 20 нысанда құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, маңызды магистралды жолдардың бірі – А-2 айналма жолының 4-кезеңі, Оңтүстік айналма жолы, ...
Читать далее »МӘМС: Шымкенттегі медициналық қызмет сапасы қалай өзгерді?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызмет көрсету сапасы артып, халық үшін жоғары технологиялық көмекке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып, медициналық көмекке бөлінетін қаражат ұлғаюда. 2024 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау бюджеті 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 61,7 млрд теңге МӘМС жүйесіне, ал 72,5 млрд теңге ТМККК (тегін медициналық көмектің ...
Читать далее »Жергілікті өндіріс – ұлттық экономиканың тірегі
Мемлекет кәсіптің көзін тауып, іс қылғысы келгендерге қолдауды кенже қалдырған емес. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік тарапынан қайтарымсыз грант алып, субсидия алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімі өзге өңірлерге де жіберіліп, ішкі өнімді қамтамасыз етуге қолғабыс етіп отыр. Бүгін министрлік пен әкімдік, Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге Шымкент шаһарындағы шаруалардың айтарына құлақ түріп, қаржылай қолдау алып отырған кәсіпкерлердің жұмысы ...
Читать далее »Шымкент: Аппарат мәжілісінде мерекелік іс-шаралар талқыланды
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды. Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды ...
Читать далее »Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға іріктеу аяқталды
Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды. Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері ...
Читать далее »Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық ...
Читать далее »Шымкент: Қаланың өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді
Бүгінде қаламызда жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды. Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 га аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда. Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 га, ...
Читать далее »Әл-Фараби ауданы “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында сенбілік өткізді
Бүгін Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара қаланы көгалдандыру, тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында Әл-Фараби ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлесіп еңбек етті. Аталмыш экологиялық шараға аудан әкімі Рашид Мыңбаев жетекшілік етті. Оған ауданның белсенді азаматтары, ардагерлері, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар қосылды. Қатысушылар қала тазалығына ...
Читать далее »Шымкент каналының маңы қоқыстан тазартылды
Шымкент қаласының Тұран ауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған бұл шараға 500-ден астам тұрғын белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында Шымкент каналының маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына аудан ардагерлері, белсенді тұрғындар, үй басқарушылары және коммуналдық мекеме қызметкерлері бірлесіп қатысты. Сонымен қатар, Тұран аудандық әкімдігі мен “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында ...
Читать далее »Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті
Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті. Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ...
Читать далее »Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі
2025 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен соғысқа қатысушыларға құрмет көрсету мақсатында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылады. Ардагерлер мен соғысқа қатысушылардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін дәріптеу үшін арнайы мерейтойлық медаль әзірленеді. Сәуір-мамыр айларында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызы жолға шығады. «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы аясында шалғайдағы елді ...
Читать далее »Тұлғаға тағзым – тарихқа құрмет
Азаматтық болмысын, тұлғалық рөлін өскелең ұрпаққа көрсетіп, еліне өлшеусіз қызмет еткен біртуар перзенттің бірі – Төлеген Тәжібаевтың атын халық ешқашан ұмытпақ емес. Соның ішінде адал ұлының атқарған сара жолы жерлестері үшін үлгі-өнеге, зор мақтаныш. Бүгін Шымкент қаласында ел үшін еңбек етіп, оның дамуы мен гүлденуіне орасан зор үлес қосқан азаматтың өмірі мен ғылыми- ұйымдастырушылық қызметін зерттеу, оны өскелең ұрпақтарға насихаттау ...
Читать далее »Шымкентте әлеуметтік қолдау: Зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мұқтаж азаматтарға көмек
Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға көмек көрсету, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету және аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласында 95 548 зейнеткер бар. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
