Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға іріктеу аяқталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға іріктеу аяқталды

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды.

Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері қайтарып, 2 мекеме комиссия отырысына қатыспады. Ал қалған өтініштер Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан техникалық база, оқытушы құрамы және білім беру лицензиясының болмауы секілді кемшіліктерге байланысты кері қайтарылды.

Комиссия үміткерлердің салық төлемдері, әлеуметтік пакеттер, жалақы қарызы, штат саны, қаржы айналымы, қызмет көрсету мерзімі, жарғыдағы кадрларды кәсіптік даярлау талаптарына сәйкестігі және оқу курстарының ұзақтығына ерекше назар аударды. Нәтижесінде комиссия 11 мекемедегі 86 орынға оң шешім қабылдады. Оның ішінде 8 оқу орталығынан 78 орын, ал 3 мекеме жұмыс орнында оқыту үшін 8 орын ұсынды.

Қалған үміткерлердің өтініштері салық пен жалақы қарызы, штат санының жеткіліксіздігі, сондай-ақ ұсынған мамандықтарының оқытуға жатпайтындығы себепті қабылданбады.
Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Талғат Балтабаев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуезханов, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев болды.

Комиссия жұмысына «AMANAT» партиясы мен Антикор өкілдері бақылау жүргізді. Қысқа мерзімді оқытуға өтініш білдірген мекемелерді бекітетін келесі комиссия отырысы сәуір айына жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...