Шымкент: Аппарат мәжілісінде мерекелік іс-шаралар талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Аппарат мәжілісінде мерекелік іс-шаралар талқыланды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды заманауи талаптарға сай қызықты етіп ұйымдастыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық офисінің басшысы Т. Леспекова көрсеткіштердің орындалуымен қатар биылғы жоспарлармен бөлісті. Былтыр 256 нысаналы көрсеткіш бекітілген болса, бүгінде оның 245-і орындалып, қалғаны орындалмаған. Ғ.Әбдімәжитұлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қадағалауда, жұмысты тиімді ұйымдастыруда бірқатар тапсырма берді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева жұмыс орындарын құру барысын, алдағы жоспарды баяндады. Былтырға бес тұжырымдама және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 2 623 орынға азаматтар жұмысқа орналасқан. Қала әкімі бұл ретте ұсынылған сандардың шынайылығын қадағалап, жұмыс орындарырының құрылуын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...