Қазақтың халық биі мен дәстүрлі әні Шымкент сахнасында тоғысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақтың халық биі мен дәстүрлі әні Шымкент сахнасында тоғысты

Шымкентте «Шымкент концерт» концерттік ұйымы филармониясы ұйымдастырған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтіп, қазақтың бай мәдени мұрасын, дәстүрлі өнерінің бес мектебінің шабыты мен рухын сөйлетті. Бұл іс-шарада елдің танымал этно-фольклорлық және халық би ансамбльдері, сондай-ақ дәстүрлі ән орындау шеберлері өнер көрсетіп, тыңдармандарға нағыз ұлттық рух пен сезімді сыйлады.

Кеш бағдарламасында «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қаратау» фольклорлық ансамблі және «Қазына» халық би ансамблі сахнада бір-бірімен үйлесімділікпен өнер көрсетті. Әр ансамбль өзінің бірегей стилі мен шеберлігін көрсетті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің тереңдігі мен көпқырлылығын тыңдармандарға жеткізді. Ән шырқалып, күй төгілді. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі өнерінің бес мектебінің өнері кеңінен көрсетілді. Әрбір мектептің өзіне тән ерекшелігі, ырғағы мен әуені, тарихи және мәдени ерекшелігі сахнада көрініс тапты.

Осындай іс-шаралар қазақ мәдениетін жандандырып, өскелең ұрпаққа ұлттық мұраны сақтап, жеткізуге зор үлес қосатыны сөзсіз. «Шымкент сазы» кеші – тек өнер кеші ғана емес, ол қазақтың рухани байлығы мен бірлігіне септігін тигізетіні, кештің нәтижесінде, тыңдармандар мен өнер сүйер қауым арасында ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен махаббаты артқаны да сөзсіз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...