Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да ...
Читать далее »Шымкент
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі
Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. – Халқымыз Шымкентті «шырайлы шаһар» деп атайды. Расында бұл жердің ауа райы да, адамдары да өте керемет, ерекше деп айтуға болады. Қала тұрғындары – өте еңбекқор, таза, іскер ...
Читать далее »Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Мұнда сондай-ақ қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан. Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты. Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. ...
Читать далее »Мирас университетінде бірлік пен келісім туралы кездесу өтті
Шымкент қаласы Мирас университетінде ел бірлігі мен татулығының алтын арқауын дәріптеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті. Жиынға ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі жетекшісінің орынбасары Артур Александрович Дрейлинг, «Возрождение» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Елена Альбертовна Мартынова, «Құрмет» орденінің иегері Шарапат Қожахметқызы Құрманбекова қатысты. Жиын барысында спикерлер Қазақстан ...
Читать далее »Шымкентте А-2 автожолының бір бөлігінде жол құрылысы басталды
Шымкентте А-2 автомобиль жолы Түркия мен Сырым батыр көшелері аралығында асфальт салу жұмыстары басталды. А-2 автомобиль жолы – Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі стратегиялық жобалардың бірі. Бұл жолдың маңызы өте жоғары, себебі ол арқылы еліміздің Оңтүстік-Шығыс, Батыс өңірлеріне және Түркістан облысына негізгі көлік ағыны мен транзиттік жүк көліктері қатынайды. Барлық жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсарту және көлік қатынасын жеңілдету ...
Читать далее »Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді
ІV шақырылымдағы Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында негізінен 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, төралқа мүшелерін сайлау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі талқыға түсті. Кезекті отырысқа қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жаңадан құрылған болатын. Жаңа кеңестің құрамына 29 азамат кірді. Оның ішінде, 12-і азаматтық қоғам өкілі, ...
Читать далее »Шымкентте ақсақалдар жастар тәрбиесі мен ұлттық келісім мәселесін талқылады
Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова ашып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы жастар тәрбиесінің маңызын атап өтті. Жиынға қалалық Ассамблея жанындағы ақсақалдар, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері мен жастар өкілдері қатысып, қоғамдағы маңызды әлеуметтік, этносаралық ...
Читать далее »Мемлекет басшысы «Shymkent City» саябағын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар. Президент саябақ аумағында ағаш отырғызды. Қазіргі кезде Шымкентте адам басына шаққанда 4 шаршы метрге жуық жасыл желектен келеді екен. Экологиялық ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына келді
Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты. Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған. Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға ...
Читать далее »Шымкентте студенттік құрылыс отрядтары қайта жаңғырды
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанаты өтті. Қос тарап бірлесе отырып, студенттік құрылыс отрядтарын құруды алғашқылардың бірі болып ұйымдастырып, салтанатты шараны өткізу арқылы басқа өңірлердегі жоғары және арнаулы оқу орындарын осындай игі бастаманы қолдауға шақырып отыр. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сәрсен Құранбек ...
Читать далее »Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастары қаржылық қауіпсіздік туралы білім алды
Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қаржылық сауаттылыққа бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 3 күні аясында пресс — тур өтті. Шара барысында студенттерге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов дәріс оқып, қаржылық қауіпсіздік, дроп ұғымы, алаяқтық түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану ...
Читать далее »Жеңіс жолын жақындатқан қаһарман
Бүгінде Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының от-жалынын кешіп, аман оралған екі майдангері ғана қалды. Сол қос тірі аңыздың бірі – Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген. Ол 1943 жылы, небәрі 18 жасында Отан үшін от кешуге аттанып, майданның ең ауыр, ең қанды белестерінен өтті. Брест қамалынан басталған жауынгерлік жолы Варшава, Данск, ...
Читать далее »Өмірін оққа айырбастаған
Майдан даласында мәңгілік ерлік ізін қалдырған жан аз емес. Тарих беттерінде аты алтын әріптермен жазылмағанымен, ұрпағы үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен алысқан адамның бірі – Нина Мосунова. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау заманында ер азаматтармен бір сапта жүріп, от кешкен батыр. Ал бейбіт күнде адал еңбекпен елге қызмет еткен абзал жан. Нина Егоровна 1924 жылы 9 наурызда Татарстан Республикасының Урустамак ...
Читать далее »Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді
Көптен күткен алғашқы қойылым өз көрерменін тапты. Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, жүректерге жол тапты. Қойылым барысында көрермендер отбасылық құндылықтарды қайта саралап, нашақорлық сынды қоғам дертіне бей-жай қарамауға үндейтін сахналық көріністерден әсер алып, терең ойға батты. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қазақы болмысымызды дәріптеген көріністер жастардың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Бұл ...
Читать далее »«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы «Айбын–2025» жиыны – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева, 6506 әскери бөлім командирінің ...
Читать далее »Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі
Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды. Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома — 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен ...
Читать далее »Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында PISA-2025 халықаралық зерттеуі өткізілуде
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде. Бұл зерттеу әлемнің 80-нен астам елінде жүргізілетін оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатындағы маңызды шара болып табылады. Жалпы, 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, оның ішінде: • Мемлекеттік мектептер – 17 • Жекеменшік мектептер – 5 • Колледждер – 5 Қазіргі таңда 10 ...
Читать далее »Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді
Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ...
Читать далее »Зелёная балка: 9 семей отметят новоселье в Шымкенте
В Шымкенте активно реализуются проекты по улучшению качества жизни жителей и преображению внешнего облика мегаполиса. В том числе в городе ведётся поэтапная работа по реализации концепции модернизации района «Зелёная балка». Сегодня аким города Габит Сыздыкбеков вручил ключи от новых квартир еще 9 семьям, проживающим на улице Нұрлыбаева, 6. Поздравив горожан с важным событием в их жизни, он отметил, что такие ...
Читать далее »Шымкент: Көксай шағынауданында 9 отбасы жаңа қонысқа көшті
Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын тағы 9 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
