Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр.

Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...