Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастары қаржылық қауіпсіздік туралы білім алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастары қаржылық қауіпсіздік туралы білім алды

Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қаржылық сауаттылыққа бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 3 күні аясында пресс — тур өтті.

Шара барысында студенттерге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов дәріс оқып, қаржылық қауіпсіздік, дроп ұғымы, алаяқтық түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірді.

Қатысушылар түрлі интерактивтерге қатысып, сауалнамаларға жауап беріп, ойын түрінде білімдерін сынады. Белсенді ат салысқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Арнайы қонақтар – Сиви Махмуди, Нысана, Machenski жастармен ашық сұхбат құрып, өз тәжірибесімен бөлісті. Олар қаржылық қателіктердің салдарын, дроп болудың қауіпін және қаржы пирамидасы туралы ақпараттармен бөлісті.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...