Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді

ІV шақырылымдағы Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында негізінен 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, төралқа мүшелерін сайлау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі талқыға түсті.

Кезекті отырысқа қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жаңадан құрылған болатын. Жаңа кеңестің құрамына 29 азамат кірді. Оның ішінде, 12-і азаматтық қоғам өкілі, мәдениет, білім, медицина саласынан – 6 адам, кәсіпкерлік саласынан – 7 адам, 2 заңгер, 2 журналист тізімге енген. Жиында ІV шақырылымдағы қалалық Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағалары, төралқа мүшелері сайланып, 2025 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қала әкімінің орынбасары Қоғамдық кеңес халық пен биліктің арасындағы алтын көпір екенін атап өтіп, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі. Сәрсен Абайұлы Қоғамдық кеңесте қоғамда көтеріліп жатқан өзекті мәселелер талқыға түсуі тиіс екенін жеткізді. Жалпы айтқанда, білім, мәдениет салаларында түйткілді мәселелер талқыға салынып, осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...