Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды. Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады.

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома — 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылады. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.

Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек — 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі — 93,5 млн теңге.

ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 15 АЕК немесе 58 980 теңге қаржылай көмек көрсетілед. 70 адам, жалпы сома 4,1 млн теңге.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына — 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден. 170 адам, бөлінетін қаражат — 10,0 млн теңге.

Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...