Шымкент — Страница 22 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Шымкенттік жас көшбасшы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды. Шымкент қаласында да азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда. Сайлауға қатысқан шымкенттік жас көшбасшы Ақан Бесбаев та дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірді. Ақан Бесбаев бұл сайлаудың тарихи маңызына тоқталып, әлеуметтік желідегі парақшасында: «Ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай депутаттарының сайлауы», – деп атап өтті. Құрылтай депутаттарының сайлауы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік ...

Читать далее »

Шымкент: №37 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады

№37 сайлау учаскесі белгіленген тәртіпке сай таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Осы уақытқа дейін учаскелік комиссия мүшелері өз орындарына жайғасып, саяси партиялардан келген байқаушылар да жұмысын бастады. Таң сәріден алғашқы сайлаушылар сайлау учаскесіне келе бастады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Шараповтың айтуынша, бұл учаскеде 2325 сайлаушы тіркелген. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, сайлаушылардың белсенділігі түске дейін жоғары болады. Сайлау учаскесіне алғашқылардың ...

Читать далее »

Шымкент: Серікбай Онбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін, 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Сайлаудың алғашқы сағатында азаматтар өз таңдауларын жасау үшін учаскелерге келе бастады. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник, Шымкент қаласының құрметті азаматы Серікбай Онбаев та бар. Ол Шымкент қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте орналасқан ...

Читать далее »

Шымкент: Құрылтай сайлауы күні автобустар тегін қатынайды

23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтетін күні Шымкент қаласындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Бұл шешім сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасап, қоғамдық көлікті еркін әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Сайлау күні қаладағы барлық автобус бағытында тәулік бойы жол жүру ақысы алынбайды. Айта кетейік, сайлау күні азаматтардың дауыс беруі үшін Шымкент қаласында 365 сайлау ...

Читать далее »

Шымкент жастар театрының ұжымы өз таңдауын жасады

Шымкент жастар театрының жас актерлері мен шығармашылық ұжымы №100 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Сахнада көрерменге рухани ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерді өнер арқылы жеткізіп жүрген театр ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысты. Жас актерлер үшін өнермен қатар азаматтық жауапкершілікті сезіну де маңызды. Осы ретте театр ұжымы тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруге ...

Читать далее »

Шымкенттегі Көрме орталығында сайлау учаскесі өз жұмысын ән-күймен бастады

23 тамыз – Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауы күні Шымкенттегі Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Бұл нысан үшін де ерекше оқиға болды – сайлау учаскесі мұнда алғаш рет ашылып, дәл осы күні жұмысын бастады. Таңертеңнен Көрме орталығы аумағында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылып, мерекелік әрі қоғамдық маңызы зор ерекше көңіл күй қалыптасты. Қала тұрғындары өздерінің сайлау ...

Читать далее »

23 тамыз — ел болашағы үшін маңызды күн

Бүгін, 23 тамызда Құрылтай сайлауына орай Шымкент қаласында жастар арасында танымдық викторина ұйымдастырылды. Онда сайлаушылар Құрылтай мен Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Викторина жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталды. Белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы арнайы кітаптар табысталды. Ел болашағы — білімді, белсенді әрі жауапты азаматтардың қолында! ...

Читать далее »

Мәдениет және азаматтық ұстаным: Бота Алимхан Шымкенттегі Құрылтай сайлауында

Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Қоғамның және әлеуметтік желі қолданушыларының назары сайлау күн тәртібімен қатар, танымал әншілер мен өнер иелерінің дауыс беруге қатысуына да ауып отыр. Мемлекеттік маңызы бар мұндай деңгейдегі шараларға эстрада жұлдыздарының қатысуы бүгінде қалыпты жағдайға айналды. Шымкентте таңертең №281 сайлау учаскесіне, «Гүлсезім» қонақүйіне танымал әнші Бота Алимхан келіп, өз таңдауын жасады. Оның сайлауға қатысуы қазіргі шығармашылық ...

Читать далее »

Шымкентте «Белсенді күн» спорттық акциясы өтті

23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн. Осыған орай Шымкентте тұрғындарды дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуға үндейтін «Белсенді күн» спорттық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қала тұрғындары таңғы жаттығуға қатысып, күнді сергек көңіл күймен бастады. Жаттығу кезінде қатысушылар түрлі дене қимылдарын орындап, денсаулықты нығайту мен белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңызын сезінді. Іс шараның басты ...

Читать далее »

Шымкент: Белгілі журналист Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін Құрылтай сайлауында журналист Әбдез Иманқұлов өз таңдауын жасады. Ол Шымкент қаласындағы №155 сайлау учаскесіне келіп, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысты. №155 сайлау учаскесі «Смарт Студентс» ЖШС-нің Ескі өзен көшесі, 10 мекенжайындағы ғимаратында орналасқан. Аталған учаскеде барлығы 2845 сайлаушы дауыс беруге тіркелген. Учаскедегі дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауын жасауда. Әбдез ...

Читать далее »

Шымкентте сайлаушыларды ұлттық киім киген комиссия мүшелері қарсы алуда

Шымкенттегі Достық үйінде орналасқан №4 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Құрылтай депутаттарын сайлау күні дауыс беруге келген азаматтарды қазақтың ұлттық киімдерімен қарсы алуда. Ұлттық киімдер түсі, ою-өрнегі мен сәндік элементтері арқылы ерекшеленеді. Бұл бастама арқылы сайлау учаскесінде ұлттық мәдениетке деген құрмет көрсетіліп, маңызды саяси науқан күні ерекше көңіл күй қалыптастырылған. Комиссия төрайымы Қызылгүл Құлбаеваның айтуынша, бұл бастама учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің ...

Читать далее »

Бекзат Төлебай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды. Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде азаматтар өз таңдауын жасауға кірісті. Сайлау үдерісіне жастар да белсенді қатысуда. «Жастар Рухы» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бекзат Төлебай сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бұған дейін де түрлі сайлау мен қоғамдық-саяси үдерістерге қатысып жүрген Бекзат Төлебай бұл жолы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді. «Еліміздің ...

Читать далее »

Шымкенттегі Достық үйіндегі №4 сайлау учаскесінде алғашқы сайлаушыларды шашу дәстүрімен қарсы алды

Шымкентте сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Мемлекеттік Әнұран салтанатты түрде орындалғаннан кейін учаскелік комиссиялар Құрылтай депутаттарын сайлауға келген азаматтарды қабылдауға кірісті. Алғашқылардың бірі болып Желтоқсан көшесіндегі Достық үйінде орналасқан №4 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Дауыс берудің алғашқы минуттарынан-ақ мұнда көтеріңкі әрі мерекелік көңіл күй қалыптасты. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін сайлау учаскесіне бірге келді. Сайлаушыларды дәстүрлі қазақтың шашу ...

Читать далее »

Шымкент қызғалдағы сайлаушыларды қарсы алды

Бүгін Шымкент қаласында сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасты. Қаланың символына айналған «Шымкент қызғалдағы» бейнесіндегі еңселі қуыршақ пен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері Түркістан сарайындағы №231 сайлау учаскесіне келген тұрғындарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері мен қызғалдақ бейнесіндегі қуыршақ сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, айтулы күннің мәнін айшықтай түсті. Олар дауыс беруге келген азаматтарды күтіп алып, сайлау учаскесіне келген тұрғындарға мерекелік ...

Читать далее »

Шымкент: Құрылтай сайлауында алғашқы дауыс берушіге сыйлық берілді

Шымкент қаласында сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден басталып кетті. Азаматтар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. №1 сайлау учаскесіне қала тұрғындары ерте келген. Мұнда ең бірінші болып дауыс берген Ерназ Өтейге сый-сыяпат жасалды. — Мемлекеттік маңызы бар осындай маңызды науқандардан ешқашан шет қалған емеспін және Құрылтай сайлауына да белсенді түрде қатысуды өзіме азаматтық парыз санаймын Елдің ертеңі, қоғамның болашағы ...

Читать далее »

Шымкент: №101 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды

Шымкент қаласының орталығында орналасқан №101 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды. Учаске М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас корпусында орналасқан. Қаланың орталығындағы ірі сайлау учаскелерінің бірі болғандықтан, мұнда таңертеңнен бастап сайлаушылардың қарасы қалың. Учаске таңғы сағат 07:00-де ашылды. Алғашқылардың бірі болып 69 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Рәзия Құлымбетова келіп, өз таңдауын жасады. Ақ жаулықты ана сайлауға қатысып, дауыс беруді ...

Читать далее »

«Мен өз таңдауымды жасадым»: Шымкент тұрғыны құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды. Шымкент қаласында да сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, қала жастары белсенді түрде дауыс беруге қатысуда. Сайлаушылар қатарында бұған дейін бірнеше сайлауға және референдумға қатысқан жастар да бар. Олар бұл жолғы Құрылтай сайлауының өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтуде. Дауыс беру арқылы жастар өз азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты маңызды үдеріске өз ...

Читать далее »

Шымкент: Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкент қаласында Құрылтай сайлауы басталды. Таң сәріден сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында еңбек ардагері, қоғам белсендісі Өркен Абдреев те бар. Ол №142 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сайлау учаскесі 15-шағын аудан, №2А үйдегі №24 мектеп-лицейде орналасқан. Еңбек ардагерін сайлау учаскесінің комиссия төрайымы құрметпен қарсы алып, оған шапан жауып, ізет көрсетті. Өз ...

Читать далее »

Шымкентте сайлау учаскелері жұмысын бастады

Бүгін елңмізде Құрылтай сайлауы басталды. Шымкент қаласындағы барлық сайлау учаскелері сағат 07:00-де өз жұмысын бастап, азаматтарды дауыс беруге қабылдауда. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне тұрғындар келе бастады. Азаматтардың өз таңдауын жасауға асығып, саяси науқанға белсенді қатысуы – елдің қоғамдық-саяси өміріне деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетеді. Шымкент қаласында 713 491 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде Абай ауданында – 191 725, Әл-Фараби ауданында ...

Читать далее »

Шаңырақ шағын ауданында екі жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Шаңырақ шағын ауданында балаларға арналған екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысандар Шымқорған және Мерей көшелерінде орналасқан. Ойын алаңшаларының ашылу рәсіміне Еңбекші ауданының әкімі Д.К. Есілбек, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары мен шағын аудан тұрғындары қатысты. Аталған нысандар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысы негізінде жүзеге асырылды. Жоба тұрғындардың өз аумағын абаттандыруға қатысты ...

Читать далее »