Шымкент: Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкент қаласында Құрылтай сайлауы басталды. Таң сәріден сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында еңбек ардагері, қоғам белсендісі Өркен Абдреев те бар.

Ол №142 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сайлау учаскесі 15-шағын аудан, №2А үйдегі №24 мектеп-лицейде орналасқан.

Еңбек ардагерін сайлау учаскесінің комиссия төрайымы құрметпен қарсы алып, оған шапан жауып, ізет көрсетті.

Өз таңдауын жасаған Өркен Абдреев елдің болашағы үшін маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, азаматтарға өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...