Бүгін, 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Сайлаудың алғашқы сағатында азаматтар өз таңдауларын жасау үшін учаскелерге келе бастады. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник, Шымкент қаласының құрметті азаматы Серікбай Онбаев та бар.
Ол Шымкент қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте орналасқан №269 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауын жасады.
Оның айтуынша, бұл – еліміздің тарихындағы маңызды саяси науқандардың бірі. Ол сайлаудың басты ерекшелігі Құрылтай депутаттарын сайлауға байланысты екенін атап өтті.
-«Еліміздің тарихында алғаш рет осындай сайлау өтіп жатыр. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – Құрылтай депутаттарының сайлануы. Сайлауға жеті партия қатысып отыр. Еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтап, елдің қарқынды дамуына үлес қосатын партияға дауыс бердім», – деді ол.
С.Онбаев сайлауалды кезеңде барлық партияның бағдарламасымен танысып шыққан.
-«Барлық партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қарап шықтым. Олардың ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға бағытталған бастамалар бар. Мысалы, бір адамға шаққандағы тұрғын үй алаңының белгіленген мөлшерін 25 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін арттыруды ұсынған партиялар да бар», – деді Серікбай Онбаев.
Айта кетейік, №269 сайлау учаскесінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскеге барлығы 2592 азамат тіркелген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
➖
Серикбай Онбаев проголосовал на выборах в Курултай
Сегодня, 23 августа, в нашей стране проходят выборы депутатов Курултая. Избирательные участки начали свою работу в 07:00 утра. В первый час выборов граждане начали приходить на участки, чтобы сделать свой выбор. Среди них – Серикбай Онбаев, председатель Шымкентского городского филиала общественного объединения «Ветераны Вооруженных Сил» Республики Казахстан, полковник в отставке, почетный гражданин города Шымкента.
Он одним из первых пришел на избирательный участок №269, расположенный в общеобразовательной школе имени Алихана Букейханова в городе Шымкенте, и сделал свой выбор.
По его словам, это одна из важнейших политических кампаний в истории нашей страны. Он отметил, что главная особенность выборов связана с избранием депутатов Курултая.
— «Впервые в истории нашей страны проходят такие выборы. Главная особенность этих выборов — избрание депутатов Курултая. В выборах участвуют семь партий. Я проголосовал за партию, которая вносит вклад в сохранение мирной жизни и спокойствия нашей страны, а также в ее динамичное развитие», — сказал он.
С. Онбаев в предвыборный период ознакомился с программами всех партий.
— «Я ознакомился с предвыборными программами всех партий. Среди них есть инициативы, направленные на повышение благосостояния населения и увеличение продолжительности жизни. Например, есть партии, которые предложили увеличить установленный размер жилой площади на одного человека с 25 квадратных метров до 30 квадратных метров», — отметил Серикбай Онбаев.
Стоит отметить, что на избирательном участке №269 созданы все необходимые условия для реализации гражданами своих конституционных прав. Всего на участке зарегистрировано 2592 гражданина. Голосование продлится до 20:00.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары