Шымкент қызғалдағы сайлаушыларды қарсы алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қызғалдағы сайлаушыларды қарсы алды

Бүгін Шымкент қаласында сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасты. Қаланың символына айналған «Шымкент қызғалдағы» бейнесіндегі еңселі қуыршақ пен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері Түркістан сарайындағы №231 сайлау учаскесіне келген тұрғындарды ерекше ықыласпен қарсы алды.

Ертегі кейіпкерлері мен қызғалдақ бейнесіндегі қуыршақ сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, айтулы күннің мәнін айшықтай түсті. Олар дауыс беруге келген азаматтарды күтіп алып, сайлау учаскесіне келген тұрғындарға мерекелік әсер қалдырды.

Сайлау учаскесіне келген алғашқы сайлаушылар ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады.

Бүгінгі сайлау әр азаматтың ел келешегіне деген жауапкершілігін танытатын маңызды қоғамдық науқан. Әрбір дауыс елдің болашағын айқындауға үлес қосады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...