Шымкенттегі Көрме орталығында сайлау учаскесі өз жұмысын ән-күймен бастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттегі Көрме орталығында сайлау учаскесі өз жұмысын ән-күймен бастады

23 тамыз – Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауы күні Шымкенттегі Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Бұл нысан үшін де ерекше оқиға болды – сайлау учаскесі мұнда алғаш рет ашылып, дәл осы күні жұмысын бастады.

Таңертеңнен Көрме орталығы аумағында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылып, мерекелік әрі қоғамдық маңызы зор ерекше көңіл күй қалыптасты. Қала тұрғындары өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, ел үшін тарихи саяси оқиғаға қатысу үшін сайлау учаскесіне келді.

№360 сайлау учаскесі 1870 сайлаушыға арналған. Материал дайындалған сәтте 27 азамат өз дауысын беріп үлгерген. Учаскедегі жұмысты сайлау комиссиясының 7 мүшесі қамтамасыз етті.

Сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Өтебаеваның айтуынша, Құрылтайға алғашқы сайлау ел үшін айрықша маңызға ие.

«Құрылтай азаматтардың мүдделерін білдіруге және Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызды мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналады. Әр сайлаушының Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысуы – өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, жаңа өкілді органды қалыптастыруға үлес қосу мүмкіндігі», – деп атап өтті Айгүл Өтебаева.

Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...