Шымкент — Страница 21 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Сайлау – суретші көзімен

Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлауын шымкенттік кәсіби суретші Арман Омаров өз туындысына арқау етті. Қылқалам шебері ел өміріндегі маңызды саяси науқанның тынысын майлы бояу арқылы бейнелеп, кенепке түсірді. Суретшінің картинасында дауыс беруге келе жатқан тұрғындар және олардың өз таңдауын жасап шыққан сәті мен сайлау учаскесіндегі қызу тіршілік көрініс тапқан. Қарапайым сәттерді өнер тілімен жеткізген туынды бірден көпшіліктің назарын өзіне аударды. ...

Читать далее »

Олимпиада чемпионы Е.Ыбырайымов Шымкентте отбасымен бірге дауыс берді

Шымкентте белгілі спортшылар да сайлауда белсенділік танытып жатыр. Олимпиада ойындарының чемпионы, ел мақтанышы Ермахан Ыбырайымов отбасымен бірге келіп, № 218 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады. Ермахан Сағиұлы барша ел тұрғындарын, спортшылар қауымын маңызды іс-шарадан қалыс қалмауға шақырды. – Дәл қазір Астанадан арнайы ұшып келдім. Бүгінгі саяси додада азаматтар белсенділік танытып жатыр. Халықтың көңіл-күй жақсы. Бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызы ...

Читать далее »

Шымкент тұрғындары дауыс беруге әуе шарымен ұшып келді!

Құрылтай сайлауы күнінде қала тұрғындары өз сайлау учаскесіне ерекше тәсілмен жетуді ұйғарып, дауыс беруге алып әуе шарымен ұшып келді. Әуе кемесі жүздеген қала тұрғынының назарын аударып, сайлау учаскесінің жанына сәтті қонды. Креативті сайлаушылар учаскеге кіріп, өз дауыстарын берді. Олардың айтуынша, бұл ұшу азаматтық парыз бен ел болашағы әрқашан жоғары деңгейде болуы тиіс екенін білдіреді. ➖ Выборы на высоте: избиратели Шымкента ...

Читать далее »

Шымкент: Голосование байкеров на выборах в Курултай

В день выборов депутатов Курултая Республики Казахстан к избирательному участку №90, расположенному на территории Центрального стадиона имени прибыла целая группа мотоциклистов на своих железных конях. Участники мотосообщества прибыли к месту голосования вместе, после чего, спешившись, проследовали на избирательный участок и в установленном законодательством порядке приняли участие в голосовании на первых в истории Казахстана выборах в Курултай. Инициатива стала заметным примером ...

Читать далее »

Шымкент курьерлері Құрылтай сайлауында дауыс берді — тапсырыспен бірге өз дауыстарын да жеткізді!

Шымкенттің жеткізу қызметі қызметкерлері Құрылтай сайлауында белсенділік танытты. Курьерлер сайлау учаскелеріне тікелей жұмыс ауысымы кезінде келді.Олар: «Тапсырыстарды жеткіземіз — өз дауысымызды да жеткіземіз!» деген ұранмен бірікті. Жеткізушілердің айтуынша, бұл — өз кәсіби қоғамдастығының мұқтаждықтарын мәлімдеудің нақты мүмкіндігі. Тапсырыстарды кешіктірмеу үшін курьерлер жұмыс кестелерін үйлестіріп, учаскелерге топпен барды.Бүгін қаладағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ➖ Голос доставки: курьеры ...

Читать далее »

Мұхтархан Ділдәбеков өз таңдауын жасады

Қазақстан боксының даңқын әлемге танытқан әйгілі спортшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбеков бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Рингте ел намысын абыроймен қорғап, талай биікті бағындырған чемпион бүгінде жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп, отандық бокс пен спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді. Ел тағдырына қатысты маңызды ...

Читать далее »

«Жаңа буынның дауысы»: Шымкент жастары Құрылтай сайлауында таңдау жасады

Бүгінгі тарихи саяси науқанға ел азаматтары белсенді қатысып, өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруде. Бұл күні Шымкент жастары да маңызды саяси үдеріске белсене араласып жатыр. Әсіресе алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастар үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Олар өздерінің алғашқы азаматтық таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласудың жаңа кезеңіне қадам басты. №228 сайлау учаскесінде солардың ...

Читать далее »

«Шаншар» театрының актері Ж.Ақшора өз таңдауын жасады

Шымкенттегі №318 сайлау учаскесіне «Шаншар» театрының танымал актері Ж. Ақшора келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Өнер иесі ел өміріндегі маңызды қоғамдық саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Актердің сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы қоғамдағы азаматтық белсенділіктің маңызды көріністерінің бірі болды. Сахна арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл мен астарлы ой арқылы жеткізіп жүрген өнер өкілі ...

Читать далее »

Шымкенттің белгілі азаматтары да өз таңдауын жасады

Достық үйінде орналасқан №4 сайлау учаскесінде сайлау процесі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Мұнда сайлау комиссиясының 7 мүшесі және саяси партиялардан келген 8 байқаушы жұмыс істеуде. Учаскеде барлығы 881 сайлаушы тіркелген. Олардың арасында қозғалысы шектеулі бір азамат бар. Мұндай сайлаушылар үшін қосымша жарықтандыруы, компьютер және көру қабілетін жақсартуға арналған арнайы құралдары бар бұрыш жабдықталған. №4 сайлау учаскесінің төрайымы Қызылгүл Құлбаеваның айтуынша, ...

Читать далее »

Ғабит Сыздықбеков Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайына депутаттарды сайлаудың алғашқы сайлауында дауыс берді. Мегаполис басшысы №231 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкент қаласында дауыс беру 365 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді. ➖ Габит Сыздыкбеков проголосовал на выборах Аким Шымкента Габит Сыздыкбеков принял ...

Читать далее »

Директора театра, заслуженная артистка Казахстана Майры Мухамедкызы сделала свой выбор

В Туранском районе избирательный участок №11, расположенный в стенах Театра оперы и балета, с самого утра встречает жителей, пришедших исполнить свой гражданский долг. Здесь царит спокойная, деловая и вместе с тем праздничная атмосфера: люди приходят семьями, в одиночку, старшее поколение сменяет молодёжь, и каждый стремится воспользоваться своим конституционным правом выбора. По словам председателя избирательной комиссии Сабиры Даулеталиевой, всего на данном ...

Читать далее »

Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы өз таңдауын жасады

Шымкенттің Тұран ауданында орналасқан №11 сайлау учаскесі таңғы сағаттан бастап өз азаматтық борышын орындауға келген тұрғындарды қабылдауда. Учаске Опера және балет театрының ғимаратында орналасқан. Мұнда тыныш әрі іскерлікпен қатар, мерекелік көңіл күй де байқалады. Тұрғындар отбасымен де, жеке де келіп, өздерінің конституциялық сайлау құқығын пайдалануда. №11 сайлау учаскесінің төрайымы Сабира Дәулеталиеваның айтуынша, учаскеде барлығы 2250 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері 160-тан ...

Читать далее »

«Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы Қожамжаровтар отбасы өз таңдауын жасады

Еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына көпке үлгі болып жүрген Қожамжаровтар отбасы да қатысып, өз таңдауын жасады. Осы жылы қалалық «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанған бұл әулет №285 сайлау учаскесінде дауыс берді. Берекелі шаңырақ иесі Сейдахмет Қожамжаров отбасы мүшелерімен қоса көршілерін де сайлауға қатысуға шақырғанын айтты. -Сайлауды қуаттаймыз. Бір кісідей дауыс беруге отбасыммен бірге көршілерімді де ...

Читать далее »

Шымкент: Астана шағынауданында жәрмеңке өтіп, тұрғындар сайлауға қатысты

Шымкент қаласының Астана шағынауданындағы №74 және №75 үйлердің маңында тұрғындарға арналған ауқымды жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде күнделікті тұтынуға қажетті азық түлік пен өзге де өнімдер ұсынылып, тұрғындарға сапалы тауарды қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Жәрмеңке сауда жасауға ғана емес, тұрғындардың басын қосып, қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал еткен шараға айналды. Таңертеңнен жәрмеңкеге келген тұрғындар өздеріне қажетті өнімдерді сатып алып, мерекелік күннің ...

Читать далее »

Шымкент: Отбасымен келіп, дауыс берді

Бүгін – еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн. Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына Шымкент тұрғындары да белсенді қатысып, өз таңдауын жасауда. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға отбасымен келіп, азаматтық ұстанымын бірге білдіріп жатқан жанұялар да бар. Абай ауданындағы №284 сайлау учаскесінде орналасқан «Жан-Нұрби» балабақшасында «Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз» акциясы ұйымдастырылды. Бастаманың мақсаты – отбасы мүшелерінің ел өміріндегі ...

Читать далее »

Шымкентте ақ жаулықты әжелер өз таңдауын жасады

Шымкентте сайлаушылар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. Концерттік көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесіне ұлттық киімдегі «Әжелер» ансамблінің мүшелері келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Ақ жаулықты әжелердің сайлау учаскесіне бірге келуі ұлттық дәстүр мен азаматтық белсенділіктің жарасымды көрінісін көрсетті. Ұлттық киімдегі аналар қауымы сайлау учаскесіне ерекше сән беріп, айтулы күннің маңызын айшықтай түсті. Өз таңдауын жасаған ақ ...

Читать далее »

Шымкент: Бақытжан Позилов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп жатқан Құрылтай сайлауына қоғамның әр саласының өкілдері белсенді қатысуда. Қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов та №33 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, бұл — ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Сондықтан, ел үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Мен де азаматтық міндетімді орындап, өз таңдауымды жасадым, ...

Читать далее »

Шымкент: Бокстан әлем чемпионы құрылтай сайлауында дауыс берді

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов №107 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Белгілі спортшы еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында ел азаматтары белсенділік танытуы қажет екенін атап өтті. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Эльмира Тезекбаеваның айтуынша, бұл аумақта жалпы 1611 азамат дауыс беруге тіркелген. – Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Құрылтайдың басты маңызы – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты ...

Читать далее »

«Бал текстиль» ЖШС ұжымы бірлесіп дауыс берді

«Бал Текстиль» ЖШС-нің 160-қа жуық қызметкері азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады. Еңбек ұжымы №196 сайлау учаскесіне ұйымдасқан түрде келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Бұл — әр азаматтың ел ертеңіне деген жанашырлығы мен ортақ іске деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Қоғамдық белсенділікті басты құндылық санайтын кәсіпорын қызметкерлері бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. ➖ ...

Читать далее »

Шымкенттегі сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды

23 тамыз – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп жатқан маңызды күн. Осыған орай Шымкенттегі барлық сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылып, дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Мерекелік әуендер сайлау учаскелеріндегі жағымды ахуалды қалыптастырып, азаматтардың маңызды қоғамдық саяси науқанға белсенді қатысуына әсер етті. Мәселен, Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесінде де таңертеңнен музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл учаске Көрме ...

Читать далее »