Шымкент — Страница 14 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Шымкенттің медицина қызметкерлері республикалық спартакиадада І орын иеленді

Шымкент қаласының медицина қызметкерлері республикалық спартакиадада жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынға ие болды. Қостанай қаласында медицина қызметкерлері арасында «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты республикалық спартакиада өтті. Елдің 20 өңірінен келген командалар қатысқан дүбірлі додада денсаулық сақтау саласының мамандары спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Спартакиаданың басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық ...

Читать далее »

Шымкент: Қазақстандық дәрі алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жіберілді

Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға Шымкент қаласында орын алды. Елімізде өндірілген дәрілік препарат алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жөнелтілді. Қазақстандық өнімнің алғашқы партиясы Болгария Республикасына экспортталды. Еуропа нарығына жіберілген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7 841 қаптамасын Шымкенттегі «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамына кіреді және өнімдерін SANTO сауда белгісімен шығарады. Құрамында ситаглиптин бар бұл дәрілік препарат ...

Читать далее »

«Академия Оңтүстік» – «Жайық»: тең есеп тіркелді

«Оңтүстік» Бірінші лигада жүлделі орындар үшін таласып келеді. Қазір команда 42 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысында. Бұл жолы шымкенттіктер 30 ұпай жинаған «Жайықпен» кездесті. Қарсылас бесінші орында тұр. Екі команданың арасы – 12 ұпай. Сондықтан бұл ойын «Оңтүстік» үшін ұпай қорын толықтырып, көшбасшыларға бір табан жақындай түсуге берілген мүмкіндік еді. Шымкенттегі ойынды тамашалауға стадионға жанкүйерлер көп жиналды. Олар сүйікті командасына ...

Читать далее »

Шымкентте отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған семинар өтті

2026 жылғы 18 қыркүйекте Өңірлік инновациялық университетте Отбасы күніне орайластырылған семинар өтті. Кездесу отбасы институтын нығайту және жастардың отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мәселелеріне арналды. Іс-шараның спикері – отбасы мәселелері бойынша сарапшы, филология ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер бөлімінің маманы Асылбек Ауезханұлы. Семинар барысында қатысушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызын, сондай-ақ отбасындағы түсініспеушілік пен ажырасуға ...

Читать далее »

Нұрлан Есенқұлов, айтыскер ақын: Халықаралық сахнада тұтас елдің намысын қорғадық

– Нұрлан Келдібекұлы, дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында өткен халықаралық айтыста жүлделі III орын алуыңызбен және Қырғызстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі атануыңызбен құттықтаймыз! Халықаралық айтысқа қай елдерден қанша ақын қатысты? – Рахмет! Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанның Қырчын жайлауында, Алатаудың баурайында дүбірлеп өтті. Ауқымды іс-шараға әлемнің 109 елінен спортшылар мен өнер адамдары қатысты. Айтыс – қазақ пен қырғызға ортақ рухани мұра. Сондықтан, ...

Читать далее »

Өнерді өміріне серік еткен

Шымкент қаласының тұрғыны Қасымбек Сарымбетов мамандығы экономист-бухгалтер болғанымен ән өнерінің өз адамы. Сауда саласында, мемлекеттік қызметте, қаржылық бақылау мекемесінде жауапты қызметтер атқарған ол күйшілік өнерді, ән шығаруды жанына серік ете білген сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Қандай қызметте жүрсе де, домбырасын жанынан тастаған емес. Бүгінде оның қоржынында жүзден астам ән, елу жеті күй, бірнеше музыкалық поэма бар. Авторлық шығармалары жеке ...

Читать далее »

Ержанның әндерін сағынғандар үшін сахнада «О, қала!»

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында композитор, әнші, музыкант Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған жаңа музыкалық драма көрерменге жол тартқалы отыр. «О, қала!» деп аталатын қойылымда өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы сабақтастырыла өріліп, көпшілікке кеңінен таныла қоймаған әндері қайта жаңғырмақ. Кейде уақыт озған сайын халық жадынан көмескілене бастаған есімдер болады. Алайда, олардың артында қалдырған шығармалары елмен бірге өмір сүріп, ...

Читать далее »

Шымқала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында қала әкімінің тұрғындармен көшпелі кездесуі өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 17-шағынауданынға, City Park саябағына, Молдағұлова көшесіндегі №6 үйдің ауласына және Ескі қалашықтың аумағына барды,-деп хабарлайды Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы. Кездесу барысында тұрғындар мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, кәсіпкерлік нысандарының жұмысы, қараусыз қалған жануарларды аулау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы, аумақтарды тазалау және қоқыс ...

Читать далее »

Шымкент: Киберқауіптен қорғану жолдары түсіндірілді

Шымкент қаласында «Киберқауіпсіздік күні: цифрлық гигиена және деректерді қорғау технологиялары» тақырыбында қалалық форум-семинар өтті. Қала әкімдігі мен қалалық Цифрландыру басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған жиын тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтықтың алдын алуға және кибергигиена мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.⁣⁣ Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, IT-мамандар мен осы бағытта білім алып жатқан студенттер қатысты. Форум барысында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи қорғаныс технологиялары ...

Читать далее »

Шымкентте заманауи молекулярлық медицина орталығы жұмысын бастады

Шымкент қаласында Молекулярлық медицина орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуы өңірдегі медициналық-генетикалық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтып, диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады. Салтанатты шараға Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласының басшылары, медициналық генетика және пренаталдық диагностика бағытындағы мамандар қатысты. Молекулярлық медицина орталығы Шымкент қаласында 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ...

Читать далее »

Шымкент қалалық өзбек драма театры XXIV театр маусымының шымылдығын түрді

Шымкент қалалық өзбек драма театры XXIV театр маусымын жаңа шығармашылық жоспарлар мен тың қойылымдарға толы мазмұнды бағдарламамен ашты. Театр маусымының шымылдығы қырғыз драматургі Сұлтан Раевтің «Ханшаның көз жасы» драмасымен түрілді. Қойылымның режиссері Қуандық Қасымов. «Ханшаның көз жасы» адам тағдыры, билік пен адамдық болмыс, сезім мен таңдау, махаббат пен адалдық секілді мәңгілік тақырыптарды қозғайтын психологиялық-драмалық шығарма. Қойылым арқылы адамның ішкі жан ...

Читать далее »

Ұлыларын таныған ұрпақ тарихын да таниды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына үнемі назар аударып келеді. Президенттің бастамасымен биыл кітап оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы шаралар қолға алынды. Осы бағыттағы бастамалардың бірі Шымкент қаласындағы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебіндегі игі жоба – «Ел тұтқа» тұлғатану дәрістері. Он айға жоспарланған жоба аясында әр ай бір ...

Читать далее »

Тұрандықтар үшін жайлы орта қалыптасқан

Тұрғындардың тұрмыстық түйткілдері азайып, жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай тууына ең алдымен сапалы инфрақұрылым негіз болады. Жолдың жөнделуі, ауыз судың үздіксіз берілуі, электр мен газдың қолжетімді болуы, кәріз жүйесінің реттелуі – күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін маңызды мәселелер. Осы бағыттар бойынша Тұран ауданында биыл ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жол жаңарту, абаттандыру, жарықтандыру және әлеуметтік қолдау шаралары қатар ...

Читать далее »

Древний город с современным туристическим потенциалом

Шымкент обладает всеми предпосылками для того, чтобы укрепить статус одного из ведущих туристических центров Казахстана, Средней Азий. Более чем двухтысячелетняя история города, богатое культурное наследие, благоприятный климат и развитая инфраструктура формируют основу для устойчивого роста туристической отрасли. Одним из главных преимуществ Шымкента является его выгодное географическое положение. Город выступает важным транспортным узлом, связывающим Казахстан с Кыргызстаном и Узбекистаном, а также ...

Читать далее »

Шымкент: туризм әлеуеті артып келе жатқан қала

Шымкент соңғы жылдары Қазақстандағы туристік әлеуеті жоғары қалалардың біріне айналып келеді. Қалаға келетін туристер санының тұрақты өсуі бұл бағыттағы өзгерістердің нақты көрсеткіші. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шымкентке 550 мыңнан астам турист келген. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында шамамен 140 мың турист тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 94–95 мың көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Яғни, алғашқы үш айдың өзінде қалаға келушілер ...

Читать далее »

Шымкент: Школьникам рассказали о нюансах кибергигиены

Встреча старшеклассников школы – гимназии №65 им Алтынсарина с представителями управления цифровизации города и сотрудниками правоохранительных органов была посвящена обсуждению темы «Информационная безопасность и кибергигиена». В организациях образования города продолжаются встречи, направленные на повышение кибергигиены и уровня информационной безопасности школьников. Очередное мероприятие состоялось в школе-гимназии № 65 им. И. Алтынсарина. Организатором встречи выступило Управление цифровизации города Шымкента. Главная цель инициативы ...

Читать далее »

Шымкент: Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелерін жүйелі шешу мәселесі талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің халықпен көшпелі кездесулері Қаратау ауданында жалғасты. Кездесуге Таскен, Нұртас, Нұрсат және Тараз шағынаудандарының тұрғындары қатысып, өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Тұрғындар автотұрақтарды ұйымдастыру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, ирригациялық арықтарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын қажетті элементтермен толықтыру, сондай-ақ аялдамаларды орнату және жаңарту мәселелерін көтерді. Бұдан бөлек тұрғын үй кезегіне тұру, аулаларды абаттандыру, тұрғын үй қорын ...

Читать далее »

Шымкентте көрнекті ақын Марфуға Айтхожинаның мерейтойына арналған поэзия кеші өтті

Қазақтың «жыр аққуы» атанған көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Марфуға Айтхожинаның туғанына биыл 90 жыл толды. 1936 жылы Құлжа қаласында дүниеге келген ақынның шығармашылық жолы қазақ поэзиясымен біте қайнасып келеді. Оның алғашқы жыр жинағы «Балқұрақ» 1962 жылы жарық көрсе, кейінгі жылдары ақынның көптеген өлеңдер жинағы оқырманға жол тартты. Осыған орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақынның шығармашылығына арналған «Жүрек үні – ...

Читать далее »

Шымкентте күрестен Қазақстан чемпионы зауытта ток соғып, көз жұмды

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында күрестен Қазақстан чемпионы болған 28 жастағы Әділ Тілектес Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде жұмыс кезінде қаза тапты. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Марқұмның досы әлеуметтік желіде таратқан ақпаратқа сәйкес, Әділ Тілектес керамикалық плитка өндіретін зауытта жұмыс істеген. Жұмыс барысында ол абайсызда электр сымына тиіп кетіп, тоқ соққаннан кейін биіктен құлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның өмірін ...

Читать далее »

Шымкент зообағының қоршауы неге батып барады

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағының қоршауына қатысты видео тарады. Тұрғындар жариялаған бейнежазбалардан жол жиегіндегі тротуар деңгейінен зообақ қоршауының төмен орналасқаны көрінеді. Бейнежазба авторлары нысанның сыртқы аумағы батып бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірген. Осыған қатысты Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы ресми түсінік берді. Зообақтың мәліметінше, жолайрық құрылысы барысында жер деңгейінің өзгеруіне байланысты сыртқы қоршаудың жекелеген бөліктерінің биіктігі төмендеп кеткен. – Қазіргі ...

Читать далее »