Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға Шымкент қаласында орын алды. Елімізде өндірілген дәрілік препарат алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жөнелтілді. Қазақстандық өнімнің алғашқы партиясы Болгария Республикасына экспортталды.
Еуропа нарығына жіберілген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7 841 қаптамасын Шымкенттегі «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамына кіреді және өнімдерін SANTO сауда белгісімен шығарады. Құрамында ситаглиптин бар бұл дәрілік препарат екінші типті қант диабетімен ауыратын ересек науқастардың қанындағы глюкоза деңгейін бақылау үшін қолданылады.
Өнімнің алғашқы партиясы Шымкент қаласынан жөнелтілді. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері, серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дәрінің Еуропалық одақ нарығына шығуы өндірісті халықаралық талаптарға бейімдеу бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі болды. Кәсіпорын өндірістік қуаттарын жаңартып, өнім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды енгізді. Бұл шаралар еуропалық нарықтың талаптарына сай дәрі өндіруге мүмкіндік берді.
2025 жылы еуропалық реттеуші органдар жүргізген инспекция қорытындысы бойынша «Химфарм» АҚ Еуропалық одақтың GMP талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Аталған құжат кәсіпорындағы өндірістік процестердің еуропалық талаптарға сәйкес келетінін растады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл оқиғаның Қазақстан фармацевтикасы үшін маңызын атап өтті.
«Бүгін Шымкент қаласында Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға орын алды. Отандық дәрі алғаш рет Еуропалық одақ нарығына шықты. Бұл қазақстандық өндірістің халықаралық талаптарға сәйкестігін көрсетіп, экспорттық мүмкіндіктерге жаңа жол ашады», деді қала әкімі.
«Химфарм» кәсіпорнының тарихы 1882 жылдан басталады. 2011 жылдан бері кәсіпорын Polpharma Group құрамында жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауытта 967 адам еңбек етеді. Қолданыстағы өндіріс орнына салынған инвестиция көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды.
Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы
➖
Шымкент: Казахстанское лекарство впервые отправили на рынок Европейского союза
Произведённый в Казахстане лекарственный препарат впервые отправлен на рынок Европейского союза. Первую экспортную партию в Болгарию выпустило АО «Химфарм» под торговой маркой Polpharma Santo, входящее в международную фармацевтическую Группу Polpharma.
В Республику Болгария направлено 7 841 упаковка препарата SIGLETIC 100 мг № 28. Лекарственное средство содержит ситаглиптин и применяется для контроля уровня глюкозы в крови у взрослых пациентов с сахарным диабетом второго типа.
Церемония отправки первой партии состоялась в Шымкенте. В ней приняли участие аким города Габит Сыздыкбеков, руководство и сотрудники предприятия, партнёры и представители СМИ.
Выход на европейский рынок стал результатом масштабной подготовки производства. Для выпуска продукции, соответствующей требованиям европейского рынка, предприятие модернизировало производственные мощности и внедрило международные стандарты качества.
В 2025 году по итогам инспекции европейских регуляторов Polpharma Santo получила сертификат соответствия требованиям GMP Европейского союза. Это подтвердило соответствие производственных процессов предприятия европейским требованиям.
«Сегодня в Шымкенте произошло важное событие для фармацевтической отрасли Казахстана. Отечественный препарат впервые вышел на рынок Европейского союза. Это подтверждает соответствие казахстанского производства международным требованиям и открывает новые возможности для экспорта», — отметил аким города Габит Сыздыкбеков.
Отметим, история завода Polpharma Santo началась в 1882 году. С 2011 года предприятие входит в состав Группы Polpharma. Сегодня здесь работают 967 человек, а объём инвестиций в действующее производство превышает 130 млн долларов США.
Производственные мощности предприятия позволяют выпускать до 1 млрд единиц твёрдых лекарственных форм в год. Кроме таблеток, завод производит инъекционные и инфузионные растворы, порошковые антибиотики и жидкие лекарственные средства.
Компания продолжает расширять производство. На земельном участке площадью 17 гектаров реализуется новый инвестиционный проект стоимостью 39,5 млрд тенге. После его завершения выпуск таблеток увеличится до 2 млрд единиц в год, а на предприятии появится до 300 новых рабочих мест. Срок реализации проекта — 2026–2036 годы.
Первая поставка казахстанского лекарственного препарата в Европейский союз открывает для отечественной фармацевтики новый экспортный маршрут. Для Шымкента это также новый этап развития производства продукции с высокой добавленной стоимостью и выхода местных предприятий на международные рынки.
Пресс-служба акима города Шымкент
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары