«Оңтүстік» Бірінші лигада жүлделі орындар үшін таласып келеді. Қазір команда 42 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысында. Бұл жолы шымкенттіктер 30 ұпай жинаған «Жайықпен» кездесті. Қарсылас бесінші орында тұр. Екі команданың арасы – 12 ұпай. Сондықтан бұл ойын «Оңтүстік» үшін ұпай қорын толықтырып, көшбасшыларға бір табан жақындай түсуге берілген мүмкіндік еді. Шымкенттегі ойынды тамашалауға стадионға жанкүйерлер көп жиналды. Олар сүйікті командасына барынша қолдау көрсетті. Солардың бірі – Ғани Айдарбеков. Ол қолындағы барабанымен ойын бойы командаға демеу болды.
Ғани Айдарбеков, жанкүйер:
«Жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Биыл Әли, Әлихан секілді гол соғатын ойыншыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз бұған қуанамыз. Командаға әрдайым тілекшіміз, әр ойынына келіп, қолдау көрсетуге тырысамыз».
Ойын бастала салысымен қос команда да шабуылға ұмтылып, жоғары қарқынмен ойнады. Алаң иелері жанкүйерлерінің қолдауымен алға көбірек ұмтылғанымен, «Жайық» қорғанысын мығым ұстап, қақпа маңына қауіпті жақындатпады.
Айта кетейік, бұл командалар маусымдағы алғашқы ойында да кездескен. 25 маусымда өткен кездесуде «Академия Оңтүстік» сырт алаңда 1:0 есебімен басым түскен болатын. Ал бұл жолы қос команда да қақпаға гол соға алмады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша «Оңтүстік» бір ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Ал «Жайық» бесінші орында қалды. Шымкенттік команда келесі ойынын 8 қазанда өткізеді. Бұл жолы «Оңтүстік» Қарағандыда «Шахтермен» кездеседі.
➖
«Академия Оңтүстік» и «Жайық» сыграли вничью в Шымкенте
Шымкентская «Академия Оңтүстік» продолжает борьбу за высокие позиции в Первой лиге. В очередном туре команда принимала на своем поле уральский «Жайық».
Несмотря на активную игру и поддержку болельщиков, соперникам не удалось открыть счет — встреча завершилась нулевой ничьей. «Оңтүстік» заработал одно очко и сохранил четвертое место в турнирной таблице.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары