Жеті баланың күлкісі мен қызығына бөленіп, жарымен бірге шаңырақтың берекесін ұстап отырған Ақмарал Құдайбергенова үшін отбасының орны айрықша. Оның жұбайы Ернар Анарбайұлымен бірге 5 қыз 2 ұл тәрбиесін басты назарда ұстап, үлкен отбасының жарасымын қалыптастырып отырған жайы бар.
Ақмарал Асанқызы – Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапхананың №11 бөлімше меңгерушісі. Руханият саласында еңбек етіп жүрген ол қызметі мен отбасының жауапкершілігін қатар алып келеді. Көп балалы ана ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа», кейін «Алтын алқа» ордендерімен марапатталған.
Бұл отбасы үшін балаларының жетістігі — көп жылғы тәрбиенің жемісі. Қызы Жамал Анарбай республика деңгейінде өткен «Қазақстанның үздік 100 студенті» байқауында алғашқы ондықтың қатарына еніп, отбасының мерейін үстем еткен. Жас дизайнер қолөнер шеберлігімен, өнерімен және жоғары интеллектуалды қабілетімен ерекшеленген. Бұл – отбасындағы тәрбиенің нәтижесін көрсететін мысалдың бірі. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ даналығы осындайда еске түседі. Бір-біріне қолдау көрсетіп, еңбекті бағалауды, үлкенді сыйлауды үйреткен отбасының балалары да ата-анасының үмітін ақтап келеді.
Бұл шаңырақтың отбасылық жарасымы түрлі байқауларда да бағаланған. «Үлгілі отбасы», «Парасатты отбасы» аталымдарына ие болып, Ұлттық “Мерейлі отбасы — 2024” байқауының жеңімпазы атанған.
Өткен жылы Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Жеті қазына» республикалық фестивалі аясында өткен «Сұлу әйел» байқауында Ақмарал Құдайбергенова бірінші орын иеленді. Ол өзінің сымбатымен қатар, зерделі ойы, білімі мен іскерлігін танытып, көптің арасынан дараланды.
Байқаудың «Таныстыру» кезеңінде жұбайымен бірге жеті баласын сахнаға ертіп шығып көрермендердің ерекше ықыласына бөленген болатын. Оның бұл жеңісі де отбасының ортақ қуанышына айналды.
Ақмарал Құдайбергенованың өмір жолы – отбасы мен еңбекті қатар алып жүруге болатынын көрсетеді. Бүгінде бұл отбасы үшін ең үлкен байлық – жеті баланың амандығы мен қуанышы.
➖
Крепка семья — надежен оплот
Для Акмарал Кудайбергеновой, окруженной заботой, детским смехом и радостью семерых детей, семья всегда на первом месте. Вместе с супругом Ернаром Анарбайулы они воспитывают пятерых дочерей и двоих сыновей, создавая атмосферу тепла, взаимопонимания и гармонии.
Акмарал Асанқызы — заведующая филиалом №11 библиотеки имени Абая в городе Шымкенте. Трудясь в сфере духовности и культуры, она успешно совмещает ответственную работу с заботой о большом семейном очаге. За материнский подвиг и достойное воспитание детей она была награждена подвесками «Күміс алқа» и «Алтын алқа» по Указу Президента Республики Казахстан.
Успехи детей в этой семье — закономерный результат многолетнего труда и правильного воспитания. Так, их дочь Жамал Анарбай вошла в топ-10 республиканского конкурса «100 лучших студентов Казахстана». Талантливый молодой дизайнер отличается не только мастерством и творческим потенциалом, но и высоким интеллектом. В таких случаях вспоминается народная мудрость: «Что ребенок видит в гнезде, то перенимает, когда вылетает». Родители научили детей поддерживать друг друга, ценить труд и уважать старших, и сегодня они с честью оправдывают эти надежды.
Крепкие семейные устои и традиции этого очага неоднократно получали признание на различных уровнях. Семья удостаивалась званий «Үлгілі отбасы» и «Парасатты отбасы», а также стала победителем престижного Национального конкурса «Мерейлі отбасы – 2024».
Ярким подтверждением активной жизненной позиции Акмарал Кудайбергеновой стала ее победа в конкурсе «Сұлу әйел» в рамках республиканского фестиваля «Жеті қазына», посвященного 180-летнему юбилею великого Абая. На конкурсе она продемонстрировала не только внешнюю красоту, но и глубокие знания, эрудицию и деловые качества.
Особым моментом стал этап «Визитная карточка», когда Акмарал вышла на сцену вместе с мужем и семерыми детьми, покорив сердца зрителей и жюри. Эта победа стала еще одним прекрасным праздником для всей большой семьи.
Жизненный путь Акмарал Кудайбергеновой доказывает, что можно успешно реализовывать себя в профессиональной сфере и быть прекрасной, заботливой матерью. Сегодня главное богатство и гордость этой дружной семьи — это здоровье, улыбки и благополучие их семерых детей.
#Otbasym2026, #ОтбасыКүні2026, #ДеньСемьи2026
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары