Хиджаб киюге рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Хиджаб киюге рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылады

Мектеп формасы сәннің емес, тәртіптің талабы. Енді оқушының киіміне қойылатын талапты бұзған білім беру ұйымдарының өзіне жауап беруіне тура келуі мүмкін. Әсіресе бұл талапты сақтауға жекеменшік мектептер де міндетті. Оқушыларға діни сипаттағы киім киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы ықтимал.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, еліміздегі барлық білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қатысты бірыңғай талап бар. Сондықтан білім ошағының мемлекеттік немесе жекеменшік болуы ережені өзгерпейді. Сондықтан, талапты елемеген мектептердің мәселесі майшаммен қаралады.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
«Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, комиссия бар. Өткен жылы мұндай мектептер болды, Оның ішінде жекеменшік мектептерде болған. Биыл жоқ. Егер ондай факт анықталып жатса, лицензиясынан айырылады. Тағы да оны егжей-тегжейлі талқылайыз».

Министрлік бұл мәселені тек мектеп әкімшілігімен шектемей, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жауапты құрылымдармен бірлесіп бақылауда ұстап отыр. Негізгі талап, оқушының білім алатын ортасында ортақ тәртіп пен белгіленген мектеп формасының сақталуы. Ал бұл мәселеге қала тұрғындарының пікірі әртүрлі. Бірі баланың киіміне ата-анасы өзі шешім қабылдауы керек деп есептейді. Енді бірі мектеп қабырғасында ортақ талап сақталғаны дұрыс деген пікірде.

«Түбегейлі қарсымын. Ата-бабамызда ондай болмаған. Бетін бүркемеген. Бәрібірде басына ақ бантик тағып, қуыршақ болып жүргені қандай жақсы. Оқушы кезінде».

«Дұрыс емес. Кимесін. Салт-дәстүрімізде жоқ қой, оранып алып жүреді. Жер сүйретіп жүреді. Керек емес. Талап бәріне бірдей болу керек».

Ақ бантик, үтіктелген ақ көйлек, ұқыпты форма. Кезінде мектеп оқушысының бейнесін айқындаған осы қарапайым үлгі бүгінде қайтадан жиі айтылатын болды. Ал жаңа талаптың жекеменшік мектептерге қалай әсер ететіні және ережені бұзған білім ошақтарына қандай шара қолданылатыны алдағы бақылау жұмыстары барысында нақтыланбақ. Сонымен қатар, брифинг барысында ата-аналар чатына қатысты мәселе көтерілді. Яғни сабақтан тыс кешкі уақытта қажетсіз сұрақтар мен мазалауды тоқтату керек деді. Ал, министр бұл проблеманың орынды екені айтып, қарым-қатынас белгілі бір ережелер мен өзара құрметке негізделуі тиіс деді.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
«Ата-аналар чатына қатысты бір регламент қою керек секілді. Біз барлығын көріп-біліп отырмыз. Түрлі пікілерді оқып отырмыз. Кейбір ата-аналар дұрыс жағына түсініп. Қолдап отыр. Бізде бірінші сұрақ болған. Кешкі алтыдан кейін мазаламау, ешқандай сұрақ қоймау бойынша айтқан болатынбыз. Кейіннен кешкі сегізде сабақ аяқталатынында байқадық. Десе де, біздің ата-аналар да, ұстаздарда нені талқылау керек, нені талқыламау керек. Біледі деп ойлаймын. Дегенмен, ата-аналар чатындағы хабар алмасудың тәртібін қалыптастыру қажет болса, министрлік тарапынан біріңғай жүйе енгіземіз».

Сонымен қатар, министр мұғалімнің де жұмыс уақыты және жеке уақыты бар екенін ұмытпауымыз керек деді. Оның айтуынша, әрбір ұстаз келесі күні балалардың алдына қайтадан сергек, әрі кәсіби маман ретінде шығуын талап етер бослақ, оларға демалып, күш-қуатын қалпына келтіруіне уақыт беру қажетпіз деді.

Нұргүл Жолымбетова,
Otyrar.kz

x

Check Also

Президент вручил государственные награды работникам сферы образования

За выдающиеся достижения в образовании и особые заслуги перед Республикой Казахстан наградить следующих граждан: орденом «Құрмет» · Аринова Дамеш Ариновна ...

Президент білім саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін мына азаматтар марапатталсын: «Құрмет» орденімен · Арынова Дәмеш ...