Түркістан: Келестегі мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Келестегі мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған

Келес ауданы білім бөліміне қарасты №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихи-археологиялық мұражайында мектеп ауласынан табылған құнды жәдігерлер жетерлік. Соның ішінде 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендерін де атап өту керек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп басшысының мәлімдеуінше, мұражайда ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиеселі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиеселі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар бар. Сондай-ақ сөрелерге көне монеталар мен қоладан жасалған шәйнек, кесе секілді тұрмыстық заттар қойылған екен.

– Жүзімдік ауылында орналасқан мектеп ауласына 1985-1986 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Жалпы аумағы 68 шаршы метрді құрайтын мұражай екі бөлмеден тұрады. Экспозициялық бөлменің аумағы – 56 шаршы метр. Мұражайда жалпы 152 экспонат бар. Балалар қазіргі таңда осы жәдігерлерді зерттеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жазуда, – дейді мектеп директоры Ақмарал Қамбарова.

Ұстаздардың айтуынша, қазіргі кезде де мектеп ауласында, ауыл маңында көптеген жәдігерлерді кездестіруге болады. Тарихшы мамандардың қорытындысына сәйкес, осы аймақтан табылған тарихи экспонаттар біздің заманымыздың I-XIII ғасырлардағы Қаңлы мемлекеті мен Қарахан мемлекеті кезеңдеріне жатады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...