Ел жаңалықтары — Страница 150 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Елімізде халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық көбейді

Ұлттық Банк SWIFT арқылы клиент төлемдеріне қызмет көрсету процесіне қатыспайды және SWIFT арқылы операция жүргізуге рұқсат бермейді. «Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық Банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте, мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (соның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі. Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық Банк орталық ...

Читать далее »

Алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған

Биыл үш айда қаржы ұйымдарында займ рәсімдеумен байланысты 500 алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Цифрландырудың және қашықтан қызмет көрсетудің дамуымен қатар кредит беру нарығында алдау арқылы азаматтарға жалған займ рәсімдейтін алаяқтар бесенді бола түсті. 2022 жылы ішкі істер органдары банктер мен микроқаржы ұйымдарда займ рәсімдеумен байланысты 3 мың ...

Читать далее »

Депутат интернетте ақша тауып, салық төлемей жүрген блогерлер туралы айтты

Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобалары талқыланып жатыр. «Интернеттің дамуына байланысты қоғамдық қатынастар кеңейіп, қарыштап қадам басты. Әлеуметтік желілердің адам өміріне терең бойлағаны соншалық, олар бұқаралық ақпарат құралдарын ығыстырып, қоғамдық пікір қалыптастыруда негізгі рөл атқарып жатыр. Қай жағынан қарасақ та, бұл жақсы құбылыс. Алайда интернет ортаның қаншама оңтайлы тұсы болғанымен, руханият, тіл, балаларды қорғау, экономика және тағы да басқа ...

Читать далее »

«Қарызсыз қоғам»: 6 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті (видео)

«AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып келе жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының аралық қорытындысы шығарылды. Жоба аясында 6 мыңнан астам отандасымыз оқудан өтті. «Ұлы дала» қауымдастығының президенті Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленді. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, ...

Читать далее »

Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендер саны үш есе өсті

Алаяқтар жасқа қарамайды: 11-ге толмаған алты бала және 11 қария қаржы пирамидасына ақша салған, деп хабарлайды  Finprom.kz. Биыл қаңтар-сәуір аралығында елімізде «қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша 45 қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% аз. Бұл бағыттағы қылмыстар көбіне Алматыда (7 оқиға) жасалған. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы (5 оқиға) мен Астана қаласы (4 ...

Читать далее »

Жалған брокерлер дәуірі. Алаяқтарға ұрынып қалмау үшін не істеу керек?

Қазақстан инвестициялық бумды бастан кешіруде. Елімізде қарапайым жеке азаматтардың да қор нарығында инвестициялауға деген қызығушылығы артып келеді. Өкінішке орай, оны алаяқтар да тез түсінді. Сондықтан бұл нарықта алаяқтарға ұрыну тәуекелі күрт көбейген, деп жазады Dalanews.kz.   Ең алдымен «қор нарығы» дегеніміз не екенін айту қажет.  Қор нарығында құнды қағаздар бойынша сату мен сатып алу операциялары жүзеге асады. Инвесторлар бұл сауда-саттықты арнайы ұйымдастырылған сауда ...

Читать далее »

Жер телімдерін заңсыз сатқан

Жер, жесір дауы әлімсақтан бері  қазақтың бас ауруына айналған. Тізесін батырып жерін тартып алған бай-шонжарлардың үстінен арызданып, би-болысқа жүгінгендер де аз болмаған. Тіпті мыңғырған малын сыйдыра алмай өріс сұрап, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда көшіп-қонған қазақ «малым жанымның,  жаным  арымның  садағасы»  деп   тәмсілдеген. «Барлық  елдің  пролетарлары  бірігіңдер»  деп ұрандап, дүниені аударып төңкеріс жасаған, 1990 жылға дейін күн көсем санап ...

Читать далее »

Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды (видео)

Дикий Арманның оң қолы, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев тұтқындалды, деп хабарлайды Xnews. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастыруда. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісі арқылы қысым көрсетуде. Әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесу үш кезеңде ...

Читать далее »

Онлайн сатып алу: қауіпсіздік ережелері

Соңғы жылдары көптеген бизнес құрылымдар онлайн-сауда индустриясын белсенді түрде дамытуда және интернет-сатудың көбірек арналарын ашуда. Бүгінгі күні, егер сізде Интернет болса, кез келген ыңғайлы жерде онлайн режимінде сіз өзіңізге ұнайтын затты сатып ала аласыз, жақындарыңызға сыйлыққа тапсырыс бере аласыз. Дегенмен, көп жағдайда киберқауіпсіздікке және төлем технологияларына қатысты, электрондық коммерция индустриясына тән тәуекелдер мен қауіптер белсенді түрде дамуда. Онлайн сатып алу ...

Читать далее »

Сақтықта қорлық жоқ

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы жүргізген әлеуметтанушылық зерттеуге сәйкес қаржы жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың кеңінен таралған түрі – алаяқтық. Санауға келсе, барлығын санаңыз!  Зерттеу көрсеткендей, алаяқтардың жиі қолданатын схемалары – бұл фишингтік сайттар мен мобильдік қосымшаларда жалған хабарламалар жіберу арқылы дербес деректерді ұрлау; мобильдік құрылғыдағы жеке кабинетке кіру мақсатында азаматтарды алдаумен өздерін қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметінің ...

Читать далее »

Алаяқтардан абай болыңыз

Әлеуметтік желілерді ашып қалсаң, алаяқтарға алданған тұрғындардың мұң-зары толып тұр. Зейнеткерлер былай тұрсын, «құқықтық сауатым жақсы» деген тұрғындардың өзі қалай қақпанға оңай түскенін түсіне алмай дал. Цифрландырудың жаңашылдығы өмірімізді жарқын еткенімен, интернет алаяқтықтың қанат жаюы­на да түрткі болып отырғанын мойындауымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бере­келі қоғам» атты Жолдауында: «Ин­тер­нет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге ...

Читать далее »

Қазақстанға заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

Қазақстанға сатуға әкелінетін телефондардың бір бөлігі «сұр» импортпен жеткізіледі және көбінесе IMEI-коды қайталанады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин аталған мәселемен күресу жолдарын айтты. Сәйкестендіру кодтарының деректер базасы мәліметінше, қазіргі кезде елдің ұялы байланыс компаниялары желісінде IMEI коды қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздестіру және ...

Читать далее »

Блогерлер бопсалап ақша табады

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Анас Баққожаев журналистер блогерлерден әдептілігімен ерекшеленетінін айтты. «Осыдан он шақты жыл бұрын «блогер» деген сөз қазақ қоғамына алғаш енгенде, біз оларды сапалы контент жасайтын жас мамандар деп қабылдаған едік. Алғашында бәлкім солай болған да шығар, бірақ қазір «блогер» деген кім? Қазір өзін блогермін деп жүргендердің дені – ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю мақсатында кез келген ...

Читать далее »

Жыл басынан бері алаяқтар қазақстандықтарды 80 млрд теңгеге алдап кеткен

Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері алаяқтықтан келген шығын алты есеге өсіп, 79,6 миллиард теңгені құраған. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 110,8 млрд теңге деңгейінде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ranking.kz зерттеуіне сүйенсек, 79 млрд теңгенің 30,4 млрд теңгесі жеке тұлғаларға келтірілген. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш үш есеге жуық өсті. Алаяқтар мемлекетке 48,8 млрд теңге, кәсіпкерлікке 515,7 млн ​​теңге шығын келтірген. ...

Читать далее »

Қаржы агенттігі жарты жылда 8 мыңнан астам сайт пен шотты бұғаттады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың алғашқы алты айында 8 071 сайт пен шотты бұғаттаған. Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында хабарланды. Агенттік жыл басынан бері қаржы пирамидасының жұмысына пайдаланылатын, онлайн казино мен криптовалюта атын жамылып, елді алдайтын инттернет ресурстармен күрескен. Сол жұмыстың статистикасын ұсынды. Ресми статистикаға сенсек, қаңтардан бері елімізде жұмыс істеген 5 348 сайт пен шот қаржы пирамидасының белгілері бар ...

Читать далее »

Кейінгі 5 жылда интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 40 есе өсті

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің қарқынды дамуы, сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі жағдайында интернет-алаяқтық кеңінен таралуда. Кейінгі 5 жыл ішінде олардың саны 40 есе өсті. Атап айтқанда 2018 жылы 517-ден 2022 жылы 20,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар экономикаға ғана емес, ...

Читать далее »

МВД провело 3 спецоперации по задержанию группировки Дикого Армана (видео)

Департаментом по борьбе с организованной преступностью МВД при координации Генеральной прокуратуры проводится комплекс мероприятий, направленных на разобщение и ликвидацию ОПГ, лидером которого является Арман Джумагельдиев, принимавший активное участие в январских событиях, передает Xnews со ссылкой на Рolisia.kz. «Несмотря на то, что лидер и основные участники организованной преступной группы арестованы, другие его члены продолжают заниматься противоправной деятельностью, финансируя услуги адвокатов, пытаются активно оказывать ...

Читать далее »

Жыл басынан бері 8 мыңға жуық интернет алаяқтық қылмысы тіркелді

«Қоғаммен серіктестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов интернетте жасалған алаяқтық қылмыстар жайлы статистиканы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі таңда интернет алаяқтық қылмыстары өзекті. Соңғы 5 жылда оның саны 10 есе өсті. Биыл 7 800-ден астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Соның ішінде әр бесінші қылмыс елордада жасалған. Бұл біздің қала тұрғындарының онлайн сервистер ...

Читать далее »

Интернеттегі алаяқтық өршіп барады

Бас прокуратура «Сақ болыңыздар! Интернет алаяқтығы көбейіп барады», деп дабыл қағуда. Статистика бойынша, соңғы 5 жылда елімізде интернет алаяқтық фактісі 10 есе өскен. Мәселен, 2017 жылы елімізде алаяқтықтың осы түріне қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелсе, өткен жылы бұл сан 21 мыңға жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желі­лер­дегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен ...

Читать далее »

Онлайн несие беруге тыйым салу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге тыйым салуды ұсынды. Ол депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асылов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға жолдады. «Халық арасында қазір онлайн несие алуға сұраныс күрт артқан. Қарапайым адамдар микроқаржы ұйымдарынан жетіскеннен қарыз алмайды. Айлығы шайлығына жетпегендіктен осылайша бір қарызды екінші қарызбен жамайды. Бүгінде елімізде 239 ...

Читать далее »