Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті (видео)

«Дос-Мұқасан» тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде қазіргі Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978-1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болды.

1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды.

1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.

2010 жылдан қайтадан «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі болды.

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков – Құрмет орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

x

Check Also

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады

Шымкентте еңбек ардагерлері студенттермен кездесіп, отбасы, жауапкершілік, салт-дәстүр және нағыз қазақстандық патриот қандай болуы керектігі жөнінде пікір алмасты. Өзбекәлі Жәнібеков ...

Хиджаб киюге рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылады

Мектеп формасы сәннің емес, тәртіптің талабы. Енді оқушының киіміне қойылатын талапты бұзған білім беру ұйымдарының өзіне жауап беруіне тура келуі ...