Димаш Құдайберген Костенко шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасыларына 20 миллион теңге аударды — Xnews — ақпарат агенттігі

Димаш Құдайберген Костенко шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасыларына 20 миллион теңге аударды

Әнші Димаш Құдайберген Костенко шахтасында қайтыс болған жұмысшылардың арасында кәмелетке толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды. Бұл туралы Бауыржан Бабажанұлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды», — деп жазылған жазбада.

Автордың айтуынша, ол бұл жаңалықты кездейсоқ естіп қалып, әншінің әкесі Қанат Айтбаевқа хабарласқан және ақпарат расталған.

«Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын», — деп жазды автор.

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...