Ел жаңалықтары — Страница 148 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Алаяқтарға аударған ақшаны қалай қайтаруға болады

Қаржы мамандары өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада көп ақша сақтамауға кеңес береді. Қаржылық алаяқтыққа ұшырауға бейім негізгі тәуекел тобы — зейнет жасындағы адамдар болуда. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері қажет болған жағдайда негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс екенін айтады. Оның үстіне, банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін. «Ең алдымен, сізге банкке ...

Читать далее »

Несие алуға көмектесемін дегендерге сенбеуіңіз керек

Қазақстанда қарыздарды ресімдеуде, тауарлық кредиттерді қолма-қол ақшаға айналдыруда делдалдық қызметтерді ұсынатын «кредиттік көмекшілер» пайда болды. Олардың алдау схемалары алаяқтарға өздерінің дербес деректерін өз еркімен беретін азаматтардың сеніміне негізделген. Бұл ретте алаяқтар өз іздерін уақтылы жасыру үшін өз құрбандарымен тек қана онлайн өзара іс-қимыл жасайды. «Сіздің кредиттік тарихыңыз нашар ма? 200 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі кредитті мақұлдаудың жоғары пайызымен ...

Читать далее »

Цифрлы алаяқтар апаны

2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, цифрландыру үрдісін қоғамның барлық саласына енгізу ісі қолға алынғаны белгілі. Бұл – заман талабы. Дегенмен бүгінгі қоғамды «санмен» байланысты екі мәселе алаңдатып отыр. Бірі – сандар арқылы тағдырыңды, болашағыңды болжап беремін дейтін алаяқтар болса, екіншісі – қылмыстары «цифрланған» кибералаяқтар. Біздің бұл мақаламыз осы екінші топтағы қылмыс түрлері мен одан қорғану үшін жасалып жатқан ...

Читать далее »

Алаяқтықтың жаңа түрлерінен қалай сақтана аламыз?

Интернеттегі алаяқтық тәсілдері көпшілік арасында жақсы таныс болып, схемасы жұмыс істеуден қала бастаса, жаңа түрлері пайда болып жатады. Банктен хабарласып, «сіздің атыңыздан кредит рәсімделіп жатыр», «ақшаңыздың бәрін қауіпсіз шотқа салып қоюымыз керек» деген сыңайда ақпарат беретін алаяқтарға қазір көбі алдана қоймайды. Тіпті әлеуметтік желіде оларға қалай тойтарыс беріп жатқанын жазып алып, бөлісетіндер көбейді. Мұның бәрі халықтың сауаты артып келе жатқанын ...

Читать далее »

Бизнесмендерді алдап ұстап алу

Технология дамыған сайын алаяқтық әдістері де жетілдірілуде. Алаяқтар күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап табуда және олардың схемалары тек азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де бағытталған. Әрбір кәсіпкер алаяқтардан алдануды барынша азайту үшін білуі қажет мәселелерді FinGramota.kz-пен бірге қарастырайық. Фишинг пен бопсалаушы-бағдарламаларды пайдаланатын алаяқтық Шағын бизнес үшін ең көп таралған және қауіпті алаяқтық – есепке алу жазбаларын ұрлап алу. Алаяқтардың электрондық хаттары әдеттегі құпия сөзді жаңарту сұратулары ...

Читать далее »

Алаяқтар кәсіпкерлерді алдау үшін қандай схемаларды қолданады

Бизнесмендерді алдап ұстап алу: алаяқтар кәсіпкерлерді алдау үшін қандай схемаларды қолданады Технология дамыған сайын алаяқтық әдістері де жетілдірілуде. Алаяқтар күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап табуда және олардың схемалары тек азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де бағытталған. Әрбір кәсіпкер алаяқтардан алдануды барынша азайту үшін білуі қажет мәселелерді FinGramota.kz-пен бірге қарастырайық. Фишинг пен бопсалаушы-бағдарламаларды пайдаланатын алаяқтық Шағын бизнес үшін ең көп ...

Читать далее »

Алғашқы жартыжылдықта 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 9 462 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты. «Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстардың 1,3%-ға төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, олардың саны 9 585-тен 9 462-ге дейін кеміді. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға азайды. Сонымен қатар, биыл министрлік киберқылмысқа қарсы ...

Читать далее »

Қазақстанда мобильді нөмірлерді абоненттің фотосуретімен тіркеу жоспарланып жатыр

Қазақстанда «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында пайда болды, деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі. «Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу кезінде ұялы байланыс абоненттерін онлайн сервистер арқылы тіркейді. Бұны абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланып кетіп жатыр», — делінген ...

Читать далее »

Ерікті жастар алаяқтықпен күрестің ерекше тәсілін ойлап тапты

Азаматтар «Alayaq.net» порталы ақылы интернеттегі алаяқтық жағдайлары туралы хабарлап қана қоймай, өзінің қаржылық сауаттылығын арттыра алады, сондай-ақ, интернеттегі алаяқтыққа қарсы республикалық жастар қозғалысына қосыла алады. Қазақстанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық «Alayaq.net» жастар қозғалысы қарқын алуда. Ол жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі алаяқтық жағдайларының алдын алуға, интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жастар мен мемлекеттік органдарды, банк секторын жұмылдыруға бағытталған.2024 ...

Читать далее »

Интернет-алаяқтықтың саны артты

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның ...

Читать далее »

Банк несиесі мен микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz. Цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылдан бері Агенттік қарыз алушыларды идентификаттау рәсімдерін күшейту және онлайн микрокредиттер беру кезінде кредиторлардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі ...

Читать далее »

CyberPol – жаңа тергеу амалы

Киберқылмыспен күрес – бір күндік шаруа емес. Ол – күннен-күнге аясы кеңейіп келе жатқан әрі құқық қорғау органдары үшін күн тәртібінен түспейтін жұмыс бағыттарының бірі. Өйткені интернет арқылы жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің түрлері көбеюмен қатар, қақпанына түсіп жатқан құрбандар саны да азаймай тұр. Осы орайда ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Сүйінбаймен әңгімелесіп, осы ...

Читать далее »

Алаяқтар сіздің атыңызға жалған кредит ресімдеген жағдайда не істеу қажет

Егер сіздің дербес және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түскен жағдайда, олар сіздің онлайн- немесе мобильдік банкингіңізді бұзып, алаяқтық тәсілмен кредит ресімдеуі мүмкін. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметкерлері мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, атыңызға заңсыз кредит ресімделу фактісін кредиттік тарихтың көмегімен анықтауға болады, оны тоқсанына кемінде 1 реттен үнемі тексеріп тұру қажет. Дербес ...

Читать далее »

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті

Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейді. Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық қызметпен және фишингтік шабуылдармен байланысты алаяқтық схемалардың көбейіп келе жатқандығы туралы ескертеді. Алаяқтар қаржылық дамудың жалған  бағдарламаларын, сондай-ақ биржалық саудада тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнама роликтері бар сайттар мен ұялы қосымшаларды іске қосады. Мұндай алаяқтық сайттарда белгілі тұлғалардан, атап айтқанда өздерін Ұлттық ...

Читать далее »

Алаяқтар қалай алдайды?

Бүгінгі таңда оңай олжа табамын деп орға жығылып жатқандар жетерлік. Ал аңқаулықпен алданып қалып жүргендер де жоқ емес. Бұл алаяқтардың айлакерлігінен және адамдардың ақпараттық сауатының аздығынан деген пайым жасауға болады. Қазіргі «алдаркөселердің» көпшілігі интернеттің игілігі арқылы айласын іске асырып келеді. Сондықтан телефон тетігін абайлап басқан жөн. Қылмыс саны көбейіп барады Бүгінгі таңда біздің түгелге дерлік құпиямыз телефон тетігіне байланған деуге ...

Читать далее »

Абайлаңыз, интернет-алаяқтар!

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру технологиясын қолданады «Қазақстан Республикасы ІІМ ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеді. Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін. Алаяқтық тіркелген, банктің немесе полицияның өкілдері азаматтардың ұялы телефондарына қоңырау шалып, банк клиентінің картасынан рұқсатсыз аударым туралы хабарлаған. Заңсыз операцияны бұғаттау үшін оның пластикалық ...

Читать далее »

Президент: құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылары, ІІМ Алқасының мүшелері және орталық аппараттың басшылық құрамы, өңірлік полиция департаменттерінің, аумақтық қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет ...

Читать далее »

Сақтықта қорлық жоқ: алаяқтардың басты айла әрекеттері

  Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы жүргізген әлеуметтанушылық зерттеуге сәйкес қаржы жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың кеңінен таралған түрі – алаяқтық. Санауға келсе, барлығын санаңыз! Зерттеу көрсеткендей, алаяқтардың жиі қолданатын схемалары – бұл фишингтік сайттар мен мобильдік қосымшаларда жалған хабарламалар жіберу арқылы дербес деректерді ұрлау; мобильдік құрылғыдағы жеке кабинетке кіру мақсатында азаматтарды алдаумен өздерін қаржы ұйымдарының қауіпсіздік ...

Читать далее »

Ұлттық банк интернет-дүкенінде алаяқтар белсендеген

Ұлттық банк kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынушы алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті. Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар «көмекші бағдарламаға» бір реттік жол ашу мүмкіндігін арнайы төлемге ұсынып жүр. Сөйтіп, ол бағдарлама ҚҰБ интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты ...

Читать далее »

Интернет алаяқтық көбейіп барады

Бүгінде «интернетсіз дүние бос» десек артық айтқандық болмас еді. Тұтас халық интернеттің игілігін көріп отыр. Қазіргі таңда алыс ауылдарға ауыз сумен бірге интернет тару маңызды міндетке айналғанын білеміз. Пандемия кезінде балаларымыз осы интернеттің көмегімен оқуын жалғастырды. Хат-хабар алмасуда интернеттің алдына ешқандай сала түспейтіні белгілі. Әр дүниені екі жағы болатындай интернеттің пайда жақтарымен қатар зиянды тұстары бар екенін күнделікті өмірде көріп ...

Читать далее »