Ел жаңалықтары — Страница 140 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

2025 жылға дейін еліміздің шағын қалалары мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңғыртылады

2025 жылға дейін тағы 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, ...

Читать далее »

Қазақстанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім ...

Читать далее »

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар 725 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіп жатыр. Олардың арасында жұмысқа қабілеті бар 420 мың азамат болса, мүгедектігі бар балалар саны 109 мыңнан асып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар үшін оларды оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және басқа да мәселелер әлі де өзекті болып тұр. ...

Читать далее »

Президент кентаулық оқушы Гауһар Шаймерденнің ата-анасына алғыс айтты (видео)

Тасқын кезінде Құлсары халқына қол ұшын созған кентаулық оқушы Гауһар Шаймерденнің өнегелі ісі есіңізде ме? Жүрегі жомарт жан бүгін Мемлекет басшысының алғысына бөленді, деп хабарлайды 24kz. Қасым-Жомарт Тоқаев қаршадай қыздың ісіне сүйсініп, ата-анасына саналы ұрпақ тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді. 11 жастағы Гауһар «Хабар» арнасындағы «Біз біргеміз» телемарафонында көпке үлгі болған бұл әрекетінің себебін түсіндірген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Презизенті: — ...

Читать далее »

Биыл елімізде 8 шетелдік ЖОО-ның өкілдіктері ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде үздік шетелдік 5 ЖОО-ның филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Президент тапсырмасын тыңғылықты жүзеге асыруда.—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі. Қазірдің өзінде 20 шетелдік білім беру ордаларына Қазақстанда өкілдік ашу туралы шақырту жіберілді. Биыл 8 филиал ашылады. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ...

Читать далее »

Ел алғысына бөленген еңбек

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. – Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. ...

Читать далее »

Президент: Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет (видео)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Үкімет мүшелері, Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, ұлттық компаниялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, туризм секторындағы бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы, ең ...

Читать далее »

Жамбыл туралы жаңа фильм

«Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі Cценарий авторы және режиссері: Ж. Құсайынов Аннотация Жамбыл Жабаев тоқсанға келгенде Қазақстан өнерпаздарының екінші слетіне қатысып, ақындар арасында бас жүлде алады. Оның Сұраншы батыр жайлы дастанын Қалмақан Әбдіқадыров қолма-қол жазып алып, газетке басады. Осы оқиғадан соң, совет идеологиясын жасаушылар Жамбылдың абыройы мен танымалдығын пайдалануға кіріседі. 1936 жылғы мамыр айында Мәскеу қаласында өтетін Қазақстанның өнер және ...

Читать далее »

Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 250 мыңнан астам адам қамтылды

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 254,1 мың қазақстандық қатысты. 186,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 67,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Субсидияланатын жұмыс орындарына 119,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 11,1 мың адам, жастар практикасында 8 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 82,3 мың адам, «Алғашқы ...

Читать далее »

Реформаның үштағаны: жасампаздық пен жаңғыру жолы

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар. Әділеттілік – қоғамның жаңа қағидасы Мемлекет – аса күрделі құрылым. Оны реформалау және ...

Читать далее »

Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері

І. ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘНІ НЕДЕ? Ішкі саясат саласында ақпарат ағыны әрдайым жылдам алмасып отырады. Белгілі бір кезеңде саяси реформалар, сайлаулар мен кадрлық ауыс-түйістер ел назарында болды. Содан соң отбасылық зорлық-зомбылық, қарғын сумен күрес мәселесі күн тәртібіне шықты. Дегенмен билік құрылымдары түгелдей күнделікті мәселелермен айналысып жатқанына қарамастан, мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарына сәйкес ілгерілеу үшін жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Дамудың жаңа кезеңіне ...

Читать далее »

Бәрін әлеуметтік желіге жаба салуға болмайды – Тоқаев

Президенттің айтуынша, тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс. «Одан бөлек, қоқыс өңдейтін кәсіпорындар салу қажет. Онсыз қалаларымыз таза болмайды. Жалпы, «Таза Қазақстан» деген сөзді кең ауқымда түсінген жөн деп санаймын. Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс. Пейілі таза адамның ісі берекелі болады. Біз қазір ұлт сапасын жақсартуға баса мән беріп отырмыз. Мен Атырауда өткен Құрылтайда жаңа құндылықтар қалыптастыру ...

Читать далее »

Шаруаларға 5 пайызбен несие беріледі

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына алғаш рет 5% жеңілдікпен 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Несиелер «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бөлініп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары, несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. 2021 жылдан бастап бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын тікелей жеңілдетілген несиелендіруге 140 ...

Читать далее »

Қазақстанда сүт безі ісігі өршіп тұр

Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдердің саны артты. 2023 жылы 5500 жаңа жағдай анықталды. Бұл туралы «ОнкоРенессанс-2024» медициналық онкологтардың бірінші халықаралық ғылыми-практикалық мектебі аясында өткен баспасөз мәслихатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диляра Қайдарова айтты. Спикердің сөзінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 218 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте тұр. «Былтыр 41 515 қазақстандыққа түрлі қатерлі ісік диагнозы қойылды. ...

Читать далее »

Енді науқастарды медбике қабылдап, өзі диагноз қояды

Денсаулық сақтау министрлігі биылдан бастап медицинада болатын реформаларды түсіндірді.  Есепте тұратын науқастарға арнайы маманға бару оңай болады Денсаулық сақтау министрлігі диспансерлік есептегі пациенттерді мейірбике қабылдағаннан кейін арнайы мамандарға жіберуге болатын бұйрықтарға өзгерістер дайындауда. Мейіргерлер кейбір тексерулерді өздері жүргізеді, рецепттер мен сынақтарға жолдама жазады. Бұл динамикалық бақылаудағы пациенттерге тест нәтижелерімен маманмен кездесуге баруға мүмкіндік береді, бұл дәрігердің де, пациенттің де уақытын оңтайландырады. ...

Читать далее »

Токаев вновь отказался от празднования дня рождения

Президенту Казахстана 17 мая 2024 года исполнился 71 год. . Как известно, глава государства принципиально не проводит никаких торжественных мероприятий в этот день. Сегодня – не исключение. «Для Касым-Жомарта Токаева это обычный трудовой день. Президент будет на рабочем месте. Никаких мероприятий в связи с этой датой не планируется, сотрудников администрации вновь попросили воздержаться от поздравлений», – прокомментировал советник-пресс-секретарь президента Берик ...

Читать далее »

Еліміздегі модульдік ауруханалар қалай жұмыс істеп тұр

COVID-19 пандемиясы кезінде жылдам салынған модульдік ауруханалар мен жұқпалы аурулар орталықтары қалай жұмыс істеп тұр? Сауалдың жауабын Денсаулық сақтау министрлігінен сұрап көрген едік. 2020 жылдың наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады. ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау жүйесінің резервтік қуатын кеңейту және COVID-19 індетімен күресте шұғыл көмек көрсету үшін жаңа медициналық мекемелерді жедел тұрғызу қажеттігі туралы шешім қабылдады. Осылайша ...

Читать далее »

Еуроодақ Қазақстан ғалымдарының тұрақты даму саласындағы зерттеулерін қаржыландыруға дайын

13-14 мамыр аралығында өтіп жатқан Тұрақты даму шешімдерін әзірлеу желісінің (SDSN) 2-ші конференциясында осы және басқа да тақырыптар талқыланып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің бейне жолдауында конференция зерттеу орталықтары және жоғары оқу орындарымен кооперацияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік беретінін айтты. “Жыл сайын ведомство жетекші халықаралық ғылыми институттар мен университеттерге тағылымдамадан өтуге 500 ғалымды жіберіп ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Xnews.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Құрметті отандастар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз. Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қол қойды. Заңнама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың директиваларына сәйкес Балалар Құқықтары Жөніндегі Уәкілмен, Парламент депутаттарымен және ...

Читать далее »