Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады? — Xnews — ақпарат агенттігі

Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлене бастайды. Ата-ана баласының шотына төлем түскен-түспегенін қалай тексере алатынынTengrinews.kz материалынан білсеңіз болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.

Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.

Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтуі керек.

Бұл бөлімде: «Менің құжаттарым», «Отбасы» және «Басқа құжаттар» бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын «Отбасы» бөліміне өту керек.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...