Шымкент қаласындағы №2 ауруханада ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Тың әдіс инсульт ауруын 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді. №2 ауруханада базасында өткен «CEREBRA» жобасының таныстырылымы барысында жаңа жүйемен жұмыс істеу әдісі мен ауруды ерте сатысында анықтаудың маңыздылығы толығымен түсіндірілді. Жаңа жоба арқылы медицина мамандары инсультты ерте деңгейде анықтап, бірден ишемияға ...
Читать далее »Авторские архивы: editor
Шымкентте цифрландыру қызметтері бойынша пресс-тур өтті
Үшінші мегаполисте цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының мамандары БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз туры барысында мәлімдеді. Ақпараттық топ алдымен «І-көмек 109» орталығында болды. Орталық жетекшісі Азат Әміртайдың баяндауынша, «І-көмек 109» қызметі қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен 2020 жылдың 26 маусымында ашылған. Бір жылдан астам уақыт ішінде қала тұрғындарынан 230 мыңнан аса арыз-шағым түскен. Соның ішінде ...
Читать далее »Шымкентте 5 мыңға жуық адам «Pfizer-Biontech» вакцинасын салдырды
Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020 адам вакцинаның екі компонентін алды. Осы жылдың 15 қарашасынан ...
Читать далее »Шымкентте ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті
Шымкентте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жылдыққа – 30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеруі аясында өтуде. Бір айлық акция аясында «Тұғырлы тәуелсіздік» атты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан орталықта жаңадан жасақталған этно мұражайды аралап, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасы фильмін тамашалады. Телевизиялық жобаның басты ...
Читать далее »Шымкенттің бас дәрігері ревакцинация жасады
Шымкентте коронавирусқа қарсы ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. 9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдыруда. Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. Басқарма басшысы тіркелген емханасына барып, отандық QazVac екпесін алды. Б.Позилов ревакциналау сәтін «Instagram» желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Медицина ...
Читать далее »Жаңа реформаны түсіндіру жұмысы нәтижесін беруде
Шымкентте жаңа тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде. Айталық, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ...
Читать далее »Шымкент жүрек орталығында кезекті шеберлік сағаты өткізілуде
«Шымкент жүрек орталығы» мекемесінде жүректің сол жақ қарыншасының қызметін жақсарту үшін механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау бойынша кезекті шеберлік сағаты өтуде. Аталған шеберлік сағатын «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» КЕАҚ және «Шымкент жүрек орталығының» кардиохирургтары мен кардиологтары бірлесе ұйымдастырып отыр. «Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да ...
Читать далее »Еңбекші ауданында көпсалалы спорт алаңшасы ашылды
Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған. Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-і жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр. ...
Читать далее »Литваның консулына Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Литваның Алматыдағы Бас консулы Керушаускас Гвидаспен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады. Мақсұт Пернебайұлы қаланың даму қарқынына тоқталып, Шымкент — Республиканың ең ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын айтып өтті. «Біздің басты мақсатымыз – қаланы өмір сүруге қолайлы етіп, кәсіп ...
Читать далее »Қалалық №1 клиникалық аурухана су жаңа құрылғымен жабдықталды
Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасында Тәуелсіздік мекересі қарсаңында АҚШ-тан әкелінген компьютерлік томография құрылғысы іске қосылды. Ем-дом көрсету мекемесінде ашылған компьютерлік томография кабинетімен танысқан шаһардың бас дәрігері Бақытжан Позилов аппарат инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді. – Бұл жеке инвестордың есебіне алынған құрылғы. Қаладағы медициналық орталықтарда 21 компьютерлік томография болған. Көбі жекеменшік мед орталықтарда орналасқан. Ал жаңа ...
Читать далее »Шымкент пен Адана арасында екі жақты келісімге қол қойылды
Шымкент қаласы мен Түркия Республикасының Адана қалалары арасындағы бауырластық келісім орнату бойынша іс-шара өтті. Zoom платформасы арқылы онлайн қол қою рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Адана қаласының мэрі Зейдан Каралар мырза қатысты. Тараптар Шымкент пен Адана қалалары арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, спорт, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастықты орнату бойынша екі жақты келісімге келді. Бірқатар ...
Читать далее »Шымкент: Тағы да 50 жаңа автобус
Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай қоғамдық көліктің 3 жаңа бағыты іске қосылып, 50 жаңа автобус жолаушыларға қызмет көрсете бастады. «Радуга транспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі автобустардың кілтін жүргізушілерге қала әкімі Мұрат Әйтенов табыс етті. — Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының сара саясатының арқасында елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның ...
Читать далее »Шымкентте тәуелсіздіктің төл құрдастары марапатталды
Үшінші мегаполисте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен жастар ресурстық орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастар саясаты мен қайырымдылыққа қосқан үлестері үшін бірқатар жастар марапат төрінен көрінді. Сонымен қатар, белсенді қоғамдық қызметі үшін 30 жылдықтың озаттары, қаладағы тәуелсіздік құрдастары басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды. Жиында сөз алған қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев ...
Читать далее »Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 632,5 млрд теңгеге жетті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Шымкентте өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 605 өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі биыл 10 айда 632,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артты. Бұл ...
Читать далее »Жаңа диагностикалық аппарат ауруды дер кезінде анықтайды
Шымкент қалалық балалар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, бұл қондырғы жергілікті бюджет есебінен сатып алынған. «Nanoduct» қондырғысы арқылы енді дәрігерлер жаңа туылған сәбилердегі тұқым қуалайтын муковисцидоз дертін дер кезінде анықтай алады. Бұған дейін дәрігерлер балалар арасындағы мұндай ауруларды ерте сатысында анықтау үшін Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама арқылы жіберіп анықтайтын. Енді ...
Читать далее »«Аялы алақан» оңалту орталығы ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл жоба Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Орталықтың ашылу рәсіміне Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, ...
Читать далее »Шымкентте Тұңғыш Президент күні аталып өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан салтанат сарайында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Елбасы бастамасымен қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті. — Шымкент — Елбасының қамқорлығындағы қала. Шымкенттің республикалық мәртебеге ие қала болуы Тұңғыш Президенттің жобасы екенін мақтанышпен айта аламыз. Бұл тарихи шешім ...
Читать далее »Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті
Өткен жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай, бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті. Комиссия жанынан 30 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топқа ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар ...
Читать далее »Қалада қайырымдылық акциясы басталды
Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Абай ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» қорының облыстық филиалы «Көмек» оңалту орталығында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларына арналған қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық акциясы аясында зардап шеккен азаматшалармен жеке сұхбат жүргізілді. Оларға психологтар психологиялық қолдау көрсетсе, полиция инспекторлары заңгерлік-құқықтық кеңестер берді. Сондай-ақ, акция барысында жергілікті полицияның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ...
Читать далее »Шымкентте «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті
Шымкентте бірінші рет пилоттық жоба ретінде «Анаға хат» шығармашылық байқауы онлайн түрінде ұйымдастырылды. Байқауға Абай ауданы аумағындағы бес мектептің оқушылары қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Қазылар алқасы байқауға түскен 49 оқушының шығармаларымен танысып, жүлдеге сай жұмыстарды марапаттауға ұсынды. Байқаудың екінші кезеңі «Саз» колледжінде жалғасты. Жоба авторы, айтыскер-ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Леубаева қатысып, жастарға жүрекжарды ...
Читать далее »