Литваның консулына Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Литваның Алматыдағы Бас консулы Керушаускас Гвидаспен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады. Мақсұт Пернебайұлы қаланың даму қарқынына тоқталып, Шымкент — Республиканың ең ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын айтып өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – қаланы өмір сүруге қолайлы етіп, кәсіп ашуға ыңғайлы жағдай жасау. Мұндай жетістікке жету үшін, біз инвестициялық қоғамдастықтармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра бермекпіз. Екіжақты біріккен жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан мен Литва арасында бизнес жобалар сәтті іске асарына сенемін», — деді әкім орынбасары.

Кездесу соңында Мақсұт Исахов литвалық компанияларды туризм, транспорт және логистика, ақпараттық технологиялар және машина құрастыру сынды салаларға инвестиция салуға шақырды.

Бүгінде Шымкент қаласының инвесторлары үшін ұзақ жылға жалға алу үшін жер тегін беріледі. Сондай-ақ, дайын инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтер үшін ең төменгі тарифтер ұсынылған. Жалпы, Литва Республикасы Қазақстанның ең ірі 10 сауда серіктестерінің қатарына енген.

Ал, Қазақстан Литваның ең ірі 15 сауда серіктестерінің тізімінде. Айта кетейік, Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ең алғаш 1992 жылдың 15 маусымында орнаған.

x

Check Also

В Шымкентском городском перинатальном центре проводятся высокоточные бактериологические исследования

В бактериологической лаборатории Шымкентского городского перинатального центра проводится 35 видов бактериологических исследований, и более 400 типов микроорганизмов выявляются в течение ...

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, ...